1) Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университеті (1988) 2) Бейжің мәдениет және тілдер университеті (1988–1989) 3) Ухань университеті (1988–1991) 4) Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1992–1995) 5) Колумбия университеті (1999)
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов - 15 маусым1965 жылы Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. Әкесі - Қажымқан Қасымұлы Мәсімов[2]. Анасы - Элеонора (Ажибекова) Кәрімқызы Масімова[3].
1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді.
1985 жылы Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды.
1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.
1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.
2011 жылдың 2 қарашасында Кәрім Мәсімов "Қазақша Уикипедиа" жобасын өз қамқорлығына алатынын хабарлады.[5]
2012 жылдың 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде жұмыстан кететіндігі туралы арызын берді. Президент Н.Назарбаев өтінішті қабылдады [6]. Сол күні М.Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы ретінде тағайындалды.[7]