Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов | ||||||
Мәсімов, 2017 жыл | ||||||
Лауазымы | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||
8 қыркүйек 2016 жыл — 5 қаңтар 2022 жыл | ||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | |||||
Ізашары | Владимир Жұмақанов | |||||
Ізбасары | Ермек Сағымбаев | |||||
| ||||||
7 сәуір 2014 жыл — 9 қыркүйек 2016 жыл | ||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||
Ізашары | Серік Ахметов | |||||
Ізбасары | Бақытжан Сағынтаев | |||||
| ||||||
10 қаңтар 2007 жыл — 24 қыркүйек 2012 жыл | ||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||
Ізашары | Даниал Ахметов | |||||
Ізбасары | Серік Ахметов | |||||
| ||||||
21 қаңтар 2014 — 2 сәуір 2014 | ||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||
Премьер-Министр | Серік Ахметов | |||||
Ізашары | Марат Тәжин | |||||
Ізбасары | Әділбек Жақсыбеков | |||||
| ||||||
24 қыркүйек 2012 жыл — 7 сәуір 2014 жыл | ||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||
Ізашары | Аслан Мусин | |||||
Ізбасары | Нұрлан Нығматулин | |||||
| ||||||
18 қаңтар 2006 — қаңтар 2007 | ||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||
Премьер-Министр | Даниал Ахметов | |||||
| ||||||
19 сәуір 2006 — 10 қазан 2006 | ||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||
Премьер-Министр | Даниал Ахметов | |||||
Ізашары | Қайрат Келімбетов | |||||
Ізбасары | Аслан Мусин | |||||
| ||||||
маусым 2003 — 18 қаңтар 2006 | ||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||
Премьер-Министр | Даниал Ахметов | |||||
Ізашары | Ораз Жандосов | |||||
| ||||||
27 қараша 2001 — маусым 2003 | ||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||
Премьер-Министр | Қасым-Жомарт Тоқаев Иманғали Тасмағамбетов | |||||
| ||||||
7 тамыз 2000 — 27 қараша 2001 | ||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||
Премьер-Министр | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||||
Ізашары | Серік Бүркітбаев | |||||
Ізбасары | Абылай Исабекұлы Мырзахметов | |||||
Өмірбаяны | ||||||
Партиясы | Нұр Отан | |||||
Білімі | 1) Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университеті (1988) 2) Бейжің мәдениет және тілдер университеті (1988–1989) 3) Ухань университеті (1988–1991) 4) Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1992–1995) 5) Колумбия университеті (1999) | |||||
Ғылыми дәрежесі | Экономика ғылымдарының докторы | |||||
Мамандығы | заңгер, экономист | |||||
Дүниеге келуі | 15 маусым 1965 (59 жас) Астана, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы | |||||
Әкесі | Қажымқан Қасымұлы Мәсімов | |||||
Жұбайы | Дилярам Азатқызы Мәсімова | |||||
Балалары | 3 баласы | |||||
Марапаттары | ||||||
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Ортаққорда | ||||||
өңдеу |
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов (15 маусым 1965 жыл, Целиноград) — қазақстандық саясаткер, заңгер, экономист, қаржыгер, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің 13-басшысы (2016—2022), үкімет басшысы (2014—2016), Премьер-министр (2007—2012). 2022 жылғы 6 қаңтарда "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша қылмыс ісі қозғалып, тергеу изоляторына қамауға алынды.[1]
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов - 15 маусым 1965 жылы Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. Әкесі - Қажымқан Қасымұлы Мәсімов[2]. Анасы - Элеонора (Ажибекова) Кәрімқызы Масімова[3].
Білімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді.
- 1985 жылы Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды.
- 1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.
- 1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.
- Орыс, қазақ, Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.
Қызмет жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1991 жылы — Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесші.
- 1991 жылы ҚР Еңбек министрлігінде сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Бас экономист.
- 1992 жылы «Қазақпригранторг» фирмасының басшысы, Үрімші (Қытай) қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінде жетекші маман, директор орынбасары.
- 1993 жылы «Акцепт» ЖШС басшысының ішкі экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарады.
- 1994 жылы Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің басқарушы директоры.
- 1995 жылы «Алматы сауда-финанс банкі» ЖАҚ Басқармасының бастығы,
- 1996 жылдың қыркүйек айынан «Тұран Әлем Банк» Басқармасы бастығының міндетін орындаушы,
- 1997 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығының 1-орынбасары, қыркүйек айынан бастап бастығы,
- 2000 жылдың тамыз айынан ҚР Транспорт және коммуникация министрі,
- 2001 жылдың қарашасынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,
- 2002 жылдың шілдесінен ҚР Президентінің көмекшісі,
- 2006–2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
- 2007 жылдың 10 қантарында Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.[4]
- 2011 жылдың 2 қарашасында Кәрім Мәсімов "Қазақша Уикипедиа" жобасын өз қамқорлығына алатынын хабарлады.[5]
- 2012 жылдың 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде жұмыстан кететіндігі туралы арызын берді. Президент Н.Назарбаев өтінішті қабылдады [6]. Сол күні М.Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы ретінде тағайындалды.[7]
- 2014 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады. Бұл қызметте 2016 жылдың 9 қыркүйегіне дейін болды.
- 2016 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 13-ші басшысы болып тағайындалды[8].
- 2022 жылдың 8 қаңтарында Кәрім Мәсімовтің ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалғаны белгілі болды[9].
- 2023 жылдың 24 сәуір Сот Кәрім Мәсімовке үкім шығарды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2010 жылы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденімен
- 2004 жылы - «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.[10]
- 2011 жылы - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі.
- 2015 жылы - Халықтар достығы ордені (Беларусь)[11]
- 2016 жылы - 2-дәрежелі Барыс ордені (2016)[12]
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Мәсімов 2010 жылдың 5 шілдесінде Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев пен кездесуі
-
Мәсімов Эквадордың Сыртқы істер министрі Рикардо Патьен мен кездесуі
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жұбайы - Мәсімова (Машұрова) Дилярам Азатқызы. 3 баланың әкесі [13]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды (қаз.). Азаттық радиосы (8 қаңтар 2022). Тексерілді, 17 шілде 2023.
- ↑ Масимов Карим Кажимканович (персональная справка)
- ↑ Мама премьера Казахстана К. Масимова до сих пор работает экскурсоводом в Железнодорожном музее Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2015 жылы.
- ↑ Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
- ↑ Wikibilim project obtained PM’s support(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің орнынан түсуі туралы Жарлығы 24.09.2012 Мұрағатталған 6 қарашаның 2013 жылы.
- ↑ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлығы, 24.09.2012 Мұрағатталған 6 қарашаның 2013 жылы.
- ↑ Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды 08.09.2016
- ↑ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды. Азаттық радиосы, 8 қаңтар 2022 жыл.
- ↑ «Ақмола облысы» энциклопедиясы
- ↑ Президент Беларуси наградил орденом Дружбы народов Масимова, Дворковича, Шувалова и Шукеева Мұрағатталған 3 желтоқсанның 2020 жылы.
- ↑ За особые заслуги Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2016 жылы.
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
14. https://kaz.orda.kz/kaerim-maesimov-18-zhylgha-sottaldy/
|
|
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Кәрім Мәсімовтың ресми сайты Мұрағатталған 21 қарашаның 2020 жылы.
Санаттар:
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 15 маусымда туғандар
- 1965 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Астанада туғандар
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденінің иегерлері
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Барыс орденінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Халықтар Достығы орденінің (Беларусь) иегерлері
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан саясаткерлері
- Қазақстан премьер-министрлері
- Республикалық физика-математика мектебінің түлектері
- Қазақстан ұйғырлары
- Қазақстан банкирлері
- Қазақстан көлік және коммуникациялар министрлері
- Қазақстан экономистері
- Қазақстан ғалымдары
- Экономика ғылымдарының докторлары
- Құрмет орденінің иегерлері
- Қазақстан ҰҚК қызметкерлері
- Қазақстан ҰҚК төрағалары
- Қазақстан экономика министрлері
- Қазақстан тұтқындары