Мельбурн (ағылш. Melbourne /ˈmɛlbə(r)n/, жергілікті айтылу [ˈmælbən, -bn̩])  Порт-Филлип шығанағы айналасында орналасқан, Виктория шатының астанасы және Австралияның жер көлемі бойынша екінші қала. Қала маңымен бірге халықтын саны шамамен 3,8 миллион адам (2007 жыл)[1].

Қала
Мельбурн
Melbourne
Әкімшілігі
Ел

 Аустралия

Штат

Виктория

Тарихы мен географиясы
Координаттары

37°49′14″ о. е. 144°57′41″ ш. б. / 37.82056° о. е. 144.96139° ш. б. / -37.82056; 144.96139 (G) (O) (Я)Координаттар: 37°49′14″ о. е. 144°57′41″ ш. б. / 37.82056° о. е. 144.96139° ш. б. / -37.82056; 144.96139 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1835

Қала статусы

1847

Жер аумағы

8806 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

3 806 092 адам (2007)

Тығыздығы

432 адам/км²

melbourne.vic.gov.au

Мельбурн картада
Мельбурн
Мельбурн

Австралияның сауда, өнеркәсіптік және мәдени орталықтарының бірі болып саналады. Сонымен қатар Мельбурнді елдің «спорттық және мәдени астанасы» деп жиі атайды, өйткені онда Австралияның көптеген спорттық және мәдени шаралар өтіп тұрады[2]. Қала өзінің викториан және заманауи сәулетінің үйлесуімен, көптеген саябақтар мен бақшалармен, көпжүзді және көпұлтты халқымен танымал. 1956 жылы Мельбурн жазғы Олимпиада ойындарын, ал 2006 жылы — Ынтымақтастық Ойындарын өткізген[2]. Сонымен қатар осында 1981 жылы Ұлттар Ынтымақтастығы одағына кіретін мүше елдерінің басшыларының кездесуі, ал 2006 жылы он тоғыз аса дамыған елдерінің басқарушылары қатысқан — G20 саммиті өтті. 2011 жылы The Economist журналы Мельбурнді әлемдегі өмір сүруге ең жайлы қала деп атаған[3].

Мельбурн 1835 жылы Ярра өзенінің бойында ауылшаруашылық қоныс ретінде еркін қоныстанушылармен қаланған.[4]. Викторияда болған алтын безгегі арқылы Мельбурн тез арада метрополияға айналды және 1865 жылға қарай Австралияның ең ірі жіне маңызды қаласы болды [5]. Бірақ XX ғасырдың басында біріншілік жүлдесін ол Сиднейге берді[6].

Бұқаралық ақпарат құралдары

өңдеу

Мельбурнның ең ірі газеттері Руперт Мердоктің Herald Sun және Fairfax серіктестігінің меншігіндегі The Age газеті болып табылады, сонымен бірге mX кешкі таблоиды, оны да Мердок шығарады. Жалпы ұлттық газета The Australian Мельбурнде Виктория штаты үшін арнайы басылым ретінде шығарылады. Бұл газет те Мердокке басыбайлы. Мердок Ньюс Групп жетісінде бір шығатын жорналдар шығарады және Fairfax-тың 50% акцияларына ие, сөйтіп, Мельбурнде басылатын барлық күнделікті газеттер, Мердок империясына кіреді. Австралияның ең ірі муниципалды медиакомпаниясы — Leader Newspapers — Мельбурнның аудандары мен муниципалитетерінің мәселелері туралы баяндайтын әр жеті сайынғы 33 жергілікті газеттр шығарады.

Мельбурнде эфирге үш коммерциялық телеарналар шығады: Seven, Nine и Ten және үш қоғамдық: ABC, SBS және муниципалды арна C31. Қалада көптеген радиостанциялар хабарлайды (ең белгілілері: 3MBS, Triple J, Fox FM, 3AW, SEN 1116), олар көбінесе қаланың негізгі үш ірі желіге тиесілі: DMG Radio Australia, Austereo және Southern Cross Broadcasting.

Демография

өңдеу
 
Мельбурнның демографиялық картасы. Әр бір нүкте басқа елдерде туған 100 адамға сай. Ұлыбританияда (қара көк түс), Грекияда (ақшыл көк түс), Қытайда (қызыл), Үндістанда (қоңыр), Вьетнамда (сары), Түркияда (қарақошқыл), Италияда (ақшыл жасыл түс) және Югославияның бұрынғы мемлекетінен (қара жасыл түс).
Туған жері бойынша
Мельбурннiң негiзгi ұлттық топтарының саны.
  Ұлыбритания 156 457
  Италия 73 801
  Вьетнам 57 926
  Қытай 54 726
  Жаңа Зеландия 52 453
  Грекия 52 279
  Үндістан 50 686
  Шри-Ланка 30 594
  Малайзия 29 174
  Филиппин 27 568
  Германия 21 182
  Мальта 18 951
  ОАР 17 317
  Солтүстік Македония 17 287
  Гонконг 16 917
  Польша 16 439
  Хорватия 15 367
  Ливан 14 645
  Нидерланд 14 581
  Түркия 14 124
Қайнар көзі: Австралияның санақ
бюросы, 2006[7]

Қазіргі Мельбурн көп ұлтты және мультимәдениетті бірлестік. Виктория штатыны тұрғындарының ширегі шетел мемлекеттерден келген және Мельбурн 180 тілде сөйлейтін және 116 түрлі дінге сыйынатын 233 елден шыққандардың тұру орны болып саналады[8].

Мельбурнның халық саны
(жылдар бойынша)
1836 177
1854 123 000 Алтын безгегі
1880 280 000 Жылжымайтын мүлiктiң бумы
1956 1 500 000
1981 2 806 000
1991 3 156 700 Экономикалық құлдырау
2001 3 366 542
2006 3 744 373
2011 3 872 918 Болжам
2021 4 253 367 Болжам
2031 4 591 846 Болжам
Қайнар көзі: Австралиялық Бюро
статистики[9]

2006 жылдық санағы Мельбурнның 28,3 % (1 018 113) халқы өздерін католиктер деп санайтынын көрсеті[10]. Екінші орында атеистер тобы — 20,0 % (717 717), кейін англикандар — 12,1 % (433,564), православиеліктер — 5,9 % (212 887) және Біріккен шіркеуінің өкілдері — 4, 0 % (143 552)[10]. Буддизмге, исламға, иудаизмге және индуизмге құлшылық ететін халықтың 7,5 %. Статистика бойынша Австралиядағы тұратын он еврейдің төртеуі Мельбурнде тұрады.

Мәдениеті

өңдеу
 
Федерация алаңындағы ғимараттар кешені — заманауи сәулет өнерінің тамаша үлгісі
 
Принцесс-Сиэте театрының ғимараты

Мельбурн — Австралияның мәдени және спорттық астанасы. Қалада мәдени шаралардың көптеген түрлері өткізіледі, осында Австралияның ең ірі мұражайлары мен көрмелері орналасқан. Жергілікті архитектурасы да ерекше.

Көптеген танымал австралиялық музыканттары Мульбурн қаласынан шыққан. Соңғы жылдарда қала әлемге стрит-арт өнері арқылы әйгілі болды және осы бейнелеу өнерінің орталығына айналды. Бұл қалалық өнерінің заманауи түрі Мельбурнде соншалықты әйгілі болғаны, оны жолнұсқаларда да табуға болады. Қала Викториан архитектурасының (18371901) негізгі орталықтарының бірі болып саналады. Осы стильінде салынған ғимараттар қалада көптеп кездеседі. Сонымен қатар XX ғасырдың ортасында пайда болған заманауи архитектурасыз қаланың сәулет бейнесін елестету мүмкін емес.

Мельбурннің театрлік өмір өте әртүрлі. Қала Австралияның Ұлттық балетінің үйі болып табылады. Корольдық мельбурндық филормониялық оркестрі осында 1853 жылы негізделген. «Корольдық» деп атанған Австралияның жалғыз және ең ескі кәсіби оркестрі болып саналады. Мельбурн Австралиядағы ең көп театрлер орналасқан қала. Сонымен қатар Мельбурн Австралияның сән орталығы болып табылады. Осында жыл сайын Мельбурн сән фестивалі өткізіледі.

Спорт

өңдеу
 
Мельбурн Крикет Алаңы, қаладағы ең ірі спорттық ғимараттарының бірі

Мельбурн Австралияның мәдени және спорттық астанасы ретінде өте танымал. Жыл сайын онда көптеген ұлттық және халықаралық спорттық жарыстар өткізіледі. Соның ішінде ең маңыздылары:

Бұдан басқа, Мельбурн 1956 жылдың жазғы Олимпиада ойындарын және 2006 жылы Ынтымақтастық ойындарын өткізген. 2003 жылы Мельбурнде регбиден әлем кубогы өткізілген; 2001 жылы Мельбурн Полодан әлем чемпионатын өткізген Оңтүстік жартышардағы бірінші қала. 2007 жылы қалада су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтті.

Мельбурн аустралиялық футболдың отаны болып табылады — Аустралиядағы жарыстарға келуші көрермендер санынан аса әйгілі спорттың түрі. Аустралияның футбол лигасында (АФЛ) ойнайтын он алты командасынан тоғызы қалада орналасқан. АФЛ маусымының финалы ішкі австралиялық спорттық шараларының ең ірісі болып саналады және қыркүйектің соңғы сенбісінде өткізіледі.

Мельбурнде әрқайсысы өз трибуналарында 10 000 адамды сыйғыза алатын 29 спорттық ғимарат бар. 2000 жылы қаладағы ең ірі стадионның құрылысы аяқталды — Телстра Дом, 56 000 адамды сыйғыза алады. Бұл стадион әлемдегі футбол мен крикеттен жарыстарды шатыр астында өткізуге болатын бірінші спорттық ғимарат.

2006 жылы лондондық АркСпорт зерттеу және консультативті серікткстігі Мельбурнді спорттық жарыстарды өткізуге арналған әлемдегі ең жақсы қала деп таныған. Осыдан кейін Мельбурнді әлемнің бейресми спорттық астанасы деп санауға болады[11].

Қаланың белгілі тұлғалары

өңдеу
 
Альфред Дикин

Саяси қайраткерлер

Бизнесмендер

Спортшылар

Мәдениет қайраткерлері

Бауырлас қалалары

өңдеу

Мельбурнның алты бауырлас қаласы бар[12]:

Дереккөздер

өңдеу
  1. Regional Population Growth, Australia, 2006-07.  (ағыл.). Australian Bureau of Statistics. Тексерілді, 8 ақпан 2010.
  2. a b Commonwealth Games Melbourne 2006  (ағыл.). Australian Government. Culture and Recreation Portal. Тексерілді, 8 ақпан 2010.
  3. Liveability ranking: Melbourne storm
  4. City of Melbourne. Settlement – foundation and surveying.  (ағыл.). City of Melbourne. Тексерілді, 8 ақпан 2010.
  5. Fassa, James Jupp. The Snowy Mountains Scheme and Multicultural Australia.  (ағыл.). Australian Academy of Technological Sciences and Engineering.. Тексерілді, 8 ақпан 2010.
  6. Lee, Robert. Linking a Nation: Australia's Transport and Communications 1788 - 1970.  (ағыл.). Australian Government. Australian Heritage Council.. Тексерілді, 8 ақпан 2010.
  7. 2006 Census Tables : Country of Birth of Person by Year of Arrival in Australia - Melbourne. Australian Bureau of Statistics. Тексерілді, 16 сәуір 2008.
  8. [https://web.archive.org/web/20070808224535/http://www.culturaldiversity.vic.gov.au/docs/FREQUENTLY_ASKED_QUESTIONS.pdf Мұрағатталған 8 тамыздың 2007 жылы. Мұрағатталған 8 тамыздың 2007 жылы. Мұрағатталған 8 тамыздың 2007 жылы. Мұрағатталған 8 тамыздың 2007 жылы. Мұрағатталған 8 тамыздың 2007 жылы. Victiorian Cultural Diversity Week. (ағыл.)] Мұрағатталған 8 тамыздың 2007 жылы.
  9. Population Projections, Australia, 2004 to 2101. Australian Bureau of Statistics. Тексерілді, 8 маусым 2008.
  10. a b 2006 Census QuickStats : Melbourne (Statistical Division)  (ағыл.). Australian Bureau of Statistics. Тексерілді, 11 тамыз 2008.
  11. We are world's sports capital. News.com.au. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 желтоқсан 2012. Тексерілді, 28 қараша 2006.
  12. Our sister cities. City of Melbourne. Тексерілді, 23 ақпан 2012.