Метрополия (гр. metropolіs, meter – ана және polіs – қала) – мемлекет орталығын білдіретін ұғым. Бастапқыда метрополия деп отар аймақтарға ие ежелгі грек қалалары (полистер) аталды. 19 – 20 ғасырлардың 70-жылдарына дейін отаршыл империялардың орталығы Метрополия деп аталып, негізінен, үлкен қала орталықтары, олардың айналасындағы мекендер, сондай-ақ астаналық қалалар қамтылды. Қазіргі кезде дамыған елдерде Метрополия деп қаланың негізгі нысандары орналасқан басты ауданын айтады.[1][2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3