Еркеболат Бекмұхамбетов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
23:06, 2011 ж. маусымның 17 кезіндегі Orkaarys (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: thumb| right| alt=A.| ''No image''. '''Бекмұхамбетов Еркеболат''' (1897, Ақмола – 1981, Алматы) — тех...)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
No image.

Бекмұхамбетов Еркеболат (1897, Ақмола – 1981, Алматы) — техн. ғыл. канд. (1965). 1916 ж. Ақмола уезі Қорғалжын болысы бойынша ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. 1929 ж. Ленинград жоғары кооп. курсын, КОКП Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының Өнеркәсіп академиясын (Свердловск, 1936) бітірген. 1909 ж. Ақмолада әртүрлі жұмыстарда, кейіннен тау-кен өнеркәсіптерінде жұмысшы болған (1913 — 16). 1916 ж. өз еркінсіз қара жұмысқа алынады, 1917 ж. одан қашып шығып, Ақмола қ-на қайтып келіп «Жас қазақ» жастар ұйымына кіреді. «Тіршілік» газетін шығаруға және таратуға ат салысқаны үшін 3 рет жауапқа тартылады. Қорғалжын болысында, Ақмолада, Петропавлда мұғалім (1918 — 30), Алматы және Жаркент қ-ларында партиялық қызметте (1930 — 33) Риддер қ-ндағы металлургия з-тында аға металлург және партия к-тінің хатшысы (1937) болған. Сол жылы қуғын-сүргінге ұшырап, қамауға алынып, 1939 ж. босатылады. 1944 жылға дейін Алматы және Қарағанды қ-ларында шаруашылық жұмыстарында болған. Ақмола обл. атқару к-ті төрағасының орынбасары (1944 — 45); Шымкент және Алматы қ-ларында шаруашылық жұмыстарда (1945 — 49), 1962 жылға дейін Қазақ ҒА-ның Төралқасында қызметте болған. 1963 ж. зейнеткерлік демалысқа шыққан. «Қазақстанның революцияға дейінгі тау-кен ісі және түсті металлургиясы» (Алматы, 1964) монографиясының, «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» (Алматы, 1977), «Орысша — қазақша политехникалық сөздік» (Алматы, 1979, телавтор) кітаптарының авторы.

Пайдаланылған әдебиет

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том