Діні

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
09:37, 2011 ж. тамыздың 22 кезіндегі Polat Alemdar (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
Навигацияға өту Іздеуге өту

Діні, діні қатты. Әдетте бұл тіркес «мейірімсіз», «қатыгез» мағыналарында талданылады. «Кеңгірбай ит екенсің дінің қатты...» . Кейде «діні қатты, тілі тәтті» сияқты тұрақты тіркес құрамында да айтылады. Сырт қарағанда, тұрақты тіркес ішіндегі сөздердің бәрі де түсінікті, төркінін іздестірудің қажеті де жоқ сияқты. Алайда кейбір тіл деректеріне жүгінсек, алғашқы тіркестегі «дін» қазіргі түсінігіміздегі «дінге» (религия) қатысының шамалы екенін аңғаруға болады. Қазақтарда көп жағдайда «діні қатты» деуден гөрі «дініне берік» тіркесі жиі қолданылады және мұндағы алғашқы сөз қазіргі ұғымымыздағы «дінмен» қабысып жататыны дау тудырмайды.

Осыған орай, біздің ойымызша, «діні қатты» тіркесіндегі «дін»—дыбыстық өзгеріске түскен парсының «жүрек» мағынасында қолданылатын «дэл» сөзі болса керек. Парсыша: дэл — жүрек. Оны былай қойғанда, парсы тілінде біздегі «діні қаттыға» мағына жағынан сәйкес келетін және «дэл» сөзінің қатысуымен қалыптасқан тұрақты тіркес те бар: дэл хара — қатал, жүрегі қатып қалған мағынасында қолданылады. Енді осы тіркестегі жеке сөздер мағына- сына келсек, «дэл»—жүрек, хара — гранит (Бүл да сон- да, 525). Мұнан кейін, граниттің тастың бір түр екенді- гін, тас болған соң оның қатты болатындығын айтпаса да белгілі. Қазақтардың кейде «қара жүрек» деп қолдану- ының өзі парсы тіліндегі «дэл хара» тіркесінің жар- тылай өз тіліне аудара айтуы нәтйжесінде қалыптасуы мүмкін. Демек, «жүрек мейірімсіздігін» тастың (гранит) қаттылығына теңеуден туған. Парсының «дэл» сөзі «діл» қалпында ертедегі молда, кейбір ақындар тілінде қолданылғанымен (Н. Оң. ПҚТС, 1974, 136), дәл қазіргі кезде жеке түрып не.тір- кес қүрамында қолданудан тыс қалған. Соыдықтан да үмытылып, нәтижесінде ертеде. қалыптасқан тіркестің өзщдег-і «діл», осы кездерде жиі қолданылатын «дінге» айналдырылып, тіркестің «діні қатты» қалпына келуіне себепші болған. Ойымызды дәлелдей түсерлік тағы бір дерек — қыр- ғыз тілінДе парсының «дэл» сөзі осы кезге дейін «дил» дыбыстық өзгерісімен жеке түрып та, түрақты тіркес қүрамында түрып та қолданыла береді: тили сенде, ди- ли — жат (на языке мед, а на сердце лед) (К. Юд. КРС, 194). Қырғыздың бүл мәтелінің біздегі «тілі татті, діні қаттыдан», мағына жағынан ешбір айырмасы жоқ. Сөйтіп, «Діні қатты, тілі тәтті» 'турақты тіркесі сәл дыбыстық өзгеріске үшыраған «ділі қатты, тілі тәтті» дегенің бір варианты дёй аламыз.[1]

Пайдаланған әдебиет

  1. Бес жүз бес сөз.—Алматы: Рауан, 1994. ISBN 5-625-қ2459-6