Жохар Дудаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
18:48, 2020 ж. ақпанның 26 кезіндегі Galymmurat (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жохар Мусаұлы Дудаев

Жохар Мусаұлы Дудаев (шеш. ДудагӀеран Мусан ЖовхӀар; 15 ақпан 1944, Ялхорой, Галанчож районы, Шешен-Ингуш АКСР (бұрынғы Ачхой-Мартанов районы, Шешен Республикасы), КСРО — 21 көкек (сәуір) 1996, Гехи-чу, Урус-Мартанов районы, Шешен Республикасы, РФ) - Шешен азамат соғысы кезінде өзін өзі жариялаған шешен-Ичкерия Республикасының алғашқы президенті, саясаткер, шешеннің 1990 жылдарғы ұлт-азаттық қозғалысының лидері, КСРО авиация генерал майоры.

Ичкерияның генералиссимусі (1996). КСРО ыдырағаннан кейін ондағы түрлі ұлт автономиялары тәуелсіздікке ұмтылып жатқан кезде қазіргі Шешенстан аумағында тәуелсіз республика құрмақшы болып Орыстың федералды өкіметіне қарулы қарсылық көрсеткен шешен жауынгерлерінің көшбасшысы. Дудаев іс жүзінде тәуелсіз республика құрғанымен өзі ресей тарапынан қастандықпен өлтірілген соң мақсаты орындалмай қалды. Орыс билігінің қас жауына айналған оны өлтіру үшін түрлі айла шарғы керектенілді. Солардың бірі - Борис Ельцин тұсындағы орыс өкіметі Дудаев мінген Нива көлігін телебайланыстағы əуе толқын жиілігін өкшелеп қуатын зымыранмен атқылап жарып жіберу əрекеті іске асып, оның салдарынан бола қаза тапты. Дудаев саяси жағынан қарама-қайшы тұлға: кей шешендер үшін нағыз ұлттық батыр болса орысшыл шешендер мен орыс билігі үшін сепаратист, терроршы, азамат соғысын тұтатқан күнəкер саналды.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Dzhokhar Dudayev