Клаас-Ян Хюнтелаар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
13:25, 2014 ж. қарашаның 22 кезіндегі NErnur98 (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа Футболшылар» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
Навигацияға өту Іздеуге өту
Клаас-Ян Хюнтелаар

Дирк Клаас-Ян Хюнтелаар (нидерл. Dirk Klaas-Jan Huntelaar; 1983 жылы 12 тамызда, Вор-Дрэмпт, Гелдерланд) - нидерландық футболшы, "Шальке 04" футбол клубының және Голландия құрама командасының шабуылшысы.

Клаас өзінің сұр мергендік қасиетімен белгілі. "Аякс" футбол клубының 2006 жылы ең үздік ойыншысы және сол жылдағы Нидерладының жастар құрама командасымен әлем кубогін жеңіп, әлем кубогында ең үздік сұр мерген болды. Хюнтелаар әлемге әйгілі "Реал Мадрид" пен "Милан" сабында ойнаған. 2010 жылы "Шальке 04 " футбол клубымен келісім шартқа қол қойды. 2011-12 жылы Бундеслиганың басты сұр мергені атанды (29 гол)

Биыл өткен әлем кубогінің қола медаль иегері.

Карьерасы

Шальке 04

31 тамыз 2010 жылы "Милан" мен "Шальке 04" келісіп, Хюнтелаарды 14 млн евроға сатып алды. 19 қыркүйек 2010 жылы Дортмундтық "Боруссияға" "Шальке 04" сапындағы алғашқы голын соқты. Чемпиондар Лигасында бірінші ойынында 2 гол соқты. 21 мамыр 2011 жылы Германия кубогінің финалында гол соқты да "Шальке 04"ға 9 жылда бірінші олжасын ұтып берді.

Ойын стилі

Хюнтелаар шабуылда өте нәтижелі. Баспен соғуда жақсы және өте күшті алыс соққысын орындай алады. Хюнтелаардың стилін Марко Ван Бастен мен Рууд Ван Нистелроймен салыстырады. Луи Ван Галь айтқандай: Қарсыластың айып алаңында үздік футболшы".

Жеке өмірі

Клаас-Ян Хюнтелаар бүгінде Мэдди Схолдерманмен некеде тұр. 2009 жылы олардың бірінші ұл баласы Себ және 2011 жылы екінші ұл баласы Аксель туылды.

Нидерландта өткізген ойындарының қорытындысы

Барлығы: 66 кездесу / 36 гол / 44 жеңіс / 14 тең ойын / 8 ұтылыс[1]

Дереккөздер