Флавоноидтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
22:23, 2022 ж. шілденің 31 кезіндегі Ерден Карсыбеков (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: '''Флавоноидтар''' ({{lang-la|flavus}} — сары, осы заттардың көбірек кездесетін түсі) — өсімдіктектес полифенолдардың ірі тобы. Химиялық тұрғыдан бұларға екі фенилдік сақина мен бір гетероциклдік сақинадан тұратын қаңқада өзара ба...)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Флавоноидтар (лат. flavus — сары, осы заттардың көбірек кездесетін түсі) — өсімдіктектес полифенолдардың ірі тобы.

Химиялық тұрғыдан бұларға екі фенилдік сақина мен бір гетероциклдік сақинадан тұратын қаңқада өзара байланысқан 15 көміртегі атомы бар заттар жатады.

Флавоноидтарды келесідей жіктеуге болады:

  • флавонның туындылары
  • флаванондар
  • изофлавоноидтар
  • неофлавоноидтар

1936 жылы венгр ғалымы Альберт Сент-Дьерди қызыл бұрыштан алынған қосылыстың қан капиллярларына жақсы әсер ететінін жорамалдап, оны P дәрумені деп атауға ұсынды. Бұл атау XX ғасырдың ортасында кең қолданылды, бірақ кейінгі жылдары осы және солтектес қосылыстардың дәрумендерге жатпайтыны анықталды да,[1] оларды флаваноидтар немесе биофлаваноидтар деп атайтын болды.

Табиғатта таралуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Флавоноидтардың өсімдіктер метаболизміндегі маңызы өте зор, сондықтан олар өсімдіктердің көбінде бар. Көп жағдайда олар гүлдердің және жемістердің түсін қалыптастырады (сары, қызғылт сары, қызыл, күлгін).

Келесі тағамдарда флавоноидтар көп мөлшерде кездеседі: ақжелкен, жуа, шай, жидектер, банандар, цитрустар, қызыл шарап, қарақұмық, какао. Көбінесе бұл кверцетин, кемпферол, мирицетин, апигенин, лютеолин болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Vitamins and Hormones — Academic Press, 1949.