Ақша Сартұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
18:54, 2023 ж. қазанның 13 кезіндегі Almas Yerzhanuly (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (→‎Кіріспе бөлімін өңдеді: Қырғызәлі деп баласын жазыпты, баласы Бекболат пен Өтеболат)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ақша Сартұлы (17071729) — батыр. Қойгелді Сартұлы батырдың інісі. Дулат руының батыры.

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.

Әкесі Сарт Шақанұлы Ташкент маңын қыстап, қазіргі Қаратау қаласының іргесіндегі Ұзынбұлақ, Күйгенкөлді көктеуі, Іле жағасындағы Шеңгелді төңірегін жайлауы мен күздеуі еткен атақты бай болған. Ақша алғаш 1723 ж. жоңғар қалмақтарымен болған соғыста көзге түсіп, батыр атанған.[1] Тараз қаласын талқандап, қазақ байларының ауылдарына лап қойған жоңғарлар Қаратаудағы Ұзынбұлақ түбінде Өтеген батыр бастаған қазақ қолының қатты қарсылығына ұшырайды. Қалмақ батыры Ботшихар, Өтеген батырмен жекпе-жекте қаза тапқаннан кейін қалмақтар шегініп, көл маңындағы қамысқа тығылады. Ақша батыр қамысты өртеп, қашып құтылмақ болған жауды қыспаққа алады. Көлдің Күйгенкөл атануы да осыдан шықса керек. Ақша бұдан кейін де бірнеше шайқастарға қатысқан. Аңырақай шайқасынамыңбасы дәрежесінде қатысқан. Ол жекпе-жекте қалмақ батыры Дәржіні өлтірді. Осы шайқаста қаза тауып, Аңырақай даласында жерленген. Ақша батырдың балалары Өтеболат пен Бекболат — 1756-1758 ж. қазақ жерін жоңғарлардан азат ету соғысына қатысқан.[2]

Дереккөздер

  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3