Долерит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
10:07, 2020 ж. шілденің 14 кезіндегі YiFeiBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Перемещение 1 интервики на Викиданные, d:q1235463)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Долерит(грек. doleros—алдамшы)— базальт пен габброның аралыгындағы, микрогабброға сәйкес келетін гипабиссал және эффузиялық тау жынысы. Қүрамы — негізді плагиоклаз (35—70%) бен пироксеннен (15—55%) тұрады. Шамалы мөлшерде оливин, горнбленд, биотит, кварц болуы мүмкін. Акцессор минералдар:титанмагнетит, ильменит, пирит, апатит, сфен, рутил, циркон. Түсі — сұрдан қараға дейін, кейде қоңырлау, жасылдау. Бітімі — шомбал, бадамшатасты, бағдарлы. Құрылымы — офиттік, ұсақ түйірліден (микродолерит) ірі түйірліге дейін (габбродолерит). Долерит негізінен платформаларға тон, силдар, сығылмалар, штоктар, қат сияқты денелер құрайды. Долеритпен никельдің, мыстың кендері кездеседі. Долерит диабаз бен микрогабброның синонимі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Қүсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2