Сынап хлориді

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
18:37, 2014 ж. мамырдың 13 кезіндегі ArystanbekBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сынап хлориді , Алмас, наркүміс HgCl2 — күшті әсер ететін улы зат. Ақ түсті ұнтақ немесе кристалл түрінде кездеседі. Суда нашар, ал спиртте, эфирде, бензолда және басқа органик. еріткіштерде жақсы ериді. Меншікті салмағы 5,4, балқу t 277-2800С, қайнау t 3020С. Алмас сынап сульфатын немесе оксидін тұз қышқылында еріту арқылы алынады. Тұрмыста және медицинада залалсыздандырушы және антисептик ретінде қолданылады. Алмастың судағы ерітіндісімен киімдерді, заттарды және емхана бөлмелерін залалсыздандырады. Халық медицинасында тері ауруларын, мерезді емдейтін дәрі ретінде пайдаланылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ ұлттық энциклопедиясы