De Beers

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
De Beers
Түрі

Жеке компания

Қызметі

алмас қазбаларын өндеу

Құрылды

1888

Құрушы

Сесил Джон Родс

Орналасуы

 ОАР: Йоханнесбург

Саласы

алмас тастарын өндіру, өндеу және сату

Өнімі

табиғи және жасанды алмас тастары

Операциялық кірісі

$6,89 млрд (2008 жыл)[1]

Таза табыс

$90 млн (2008 ж.)

Қызметкерлер саны

22,9 мың адам

Сайты

www.debeersgroup.com

Беверли Хиллзтағы компанияның бас ғимараты

De Beers (Дэ Бирс) — табиғи алмас тастарының өндіріп, өндеп, сатуымен және өнеркәсіптік мақсаттар үшін жасанды алмас тастарының өндірісімен айналысатын халықаралық корпорация. 1888 жылы қазіргі Оңтүстік Африка Республикасының аймағында құрылған. Жарнама слоганы: «A Diamond Is Forever» («Гауһарлар - әрқашанда»).

Сесиль Джон Родс

Оңтүстік Африканың алмас қазбасын басып алуда белсенділік көрсеткен ағылшынның отаршыл қайраткері Сесил Джон Родс 1880 жылы «De Beers» компаниясының негізін қалады. Көп кешікпей ол тағы жаңа қазбалар ашты, бөтен участоктарды сатып алды, кейбір қазба иелерімен бір кәсіпорынға бірігуге келісті, соның нәтижесінде 1888 жылы «Де Бирс консолидейтед майнс» қоғамына «Де Бирс майнинг К-мен» бірге «Ағайынды Барнато» ағылшын банкир үйі құрған ірі «Кимберли сентрал майнинг К» компаниясы да кірді. Осының негізінде 1892 жылы орталық өткізу ұйымы бар картель - Алмас сндикаты құрылды. Алғашқы ұйымдасқан кезден бастап Алмас сндикатының саясаты барлық жағдайда алмастың бағасын жоғары ұстау болды, бұл үшін алмас өндіруді ықшамдады және оның бағасын қоюға үстемдік ету мақсатымен нарыққа алмасты аз шағырды. Капиталистік елдер алмастың үлкен бөлігін Африкадан алады, құнды зергерлік алмастар негізінен Африканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында өндіріледі. Салмағына қарай барлық алмастың 60 пайызы Конгода өндіріледі. Зергерлік алмастың бірден-бір тұтынушысы гауһар шығаратын өндіріс, ал оның сұраныс иесі – ірі буржуазия. Басқа тауар тұтынушыларының ерекшелігі – олар гауһар бағасын төмендетуден гөрі, керісінше, жоғарлатуға мүдделі. Сондықтан да олар Алмас сндикатын сақтауды қолдайды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Чистая прибыль De Beers за 2008 ж. — 90 млн долларов
  2. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том