Алоэ вера

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алоэ вера

Алоэ вера

Емдік және тағамдық қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алоэ вераны жеңіл күйік пен жарақаттарды емдеуге пайдалануға болады. Бұл өсімдіктің қою да созылмалы шырыны ауыру мен қышығанды басады. Инфекциядан жазылуға және оның алдын алуға көмектеседі. Өсімдіктен кішкене кесіп алып, сыртқы қабығын аршыңыз да, сол жұмсақ жапырақты немесе оның шырынын тікелей күйікке немесе жарақатты жерге салыңыз.

Алоэның асқазан жарасы мен гастритті емдеуде де көмегі бар. Алоэның үшкір жапырақтарын ұсақтап тураңыз да, оны түнімен суға батырып пайда болған созылмалы ащы сұйықты әр 2 сағат сайын 1 стаканнан ішіңіз. Алоэнің жапырағын кескенде дәмі ашы сары түсті шырын ағады, ол шырыннан медицинада түрлі дәрілер жасайды. Алоэ дәрісі - асқазан, ішектегі жараларға, дизентерияға, терідегі іріңдеген жараларды жазуға пайдаланылады. Туберкулез ауруына қарсы қолданады. Абайсызда қолды пышақ кескенде, іріңдеген жара шықса, алоэ жапырағын ортасынан қақ жарып жараға таңып қоюға болады.

                                                                                                                                                                                                                        "Биология" 7 сынып

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!