Алғашқы қанатсыз жәндіктер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алғашқы қанатсыз жәндіктер (Apterygota) — өте ұсақ, төменгі сатыдағы жәндіктердің бір тобы. Жер шарының барлық бөліктерінде кең тараған. Терісінің жұқа болуына байланысты күн сәулесі түспейтін ылғалды жерлерді — топырақ астын, орман төсенішін, шіріген томарларды, мүктердің арасын мекендейді. Дене тұрқы 2-3 мм болады, ең ірілері 50 мм-ге жетеді. Көкірек сегменттерінде аяқ жұрнақтарының сақталуы, протоморфоз немесе аноморфоз жолымен дамуы сияқты ежелгі белгілерінің сақталып қалуына байланысты Алғашқы қанатсыз жәндіктерді ғылымда ерекше класс тармақшасының өкілдері ретінде қарастырады. Бұл класс тармақшасына 4 отряд: мұртсыздар, аяққұйрықтылар, қосқұйрықтылар, қылшық құйрықтылар енеді. Алдыңғы 3 отрядтың өкілдерінің ауыз мүшелері бас қуысының ішінде орналасқандықтан энтогнаталар (Enthodnata), ал ауыз мүшелері бас қуысының сыртында орналасқан қылшық құйрықтылар — тизанура тектестер (Thysanurata) тобына жатады. Алғашқы қанатсыз жәндіктер көбінесе шіріген органикалық қалдықтармен қоректеніп, топырақ түзу процесіне қатысады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы