Анна Николаевна Есипова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

А́нна Никола́евна Е́сипова (1851 жылдың 31 қаңтарында [12 ақпан], Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген —1914 жылдың 5 [18] тамызында сол жерде қайтыс болған) —орыс пианистшісі және музыкалық педагог.

1871—1892 жылдары шет елде тұрған, концерттерімен Ресейге жиі келіп тұратын. Еуропа мен АҚШ-тың көптеген елдерінде гастрольдерде болып қайтты.

13 жасында Петербург консерваториясының А. И. Виллуан классына түседі; 1865 жылдың көктемінде К. К. Фан-Арка классына ауысады, ал 1866 жылдан Ф. О. Лешетицкийдің классына ауысып, 1880 жылы оның екінші әйелі болады.

1871 жылдан бастап шет елде тұрды — әлемнің барлық мемлекеттерін аралаған. Сыншылар оның аспабының музыкалық жеңілдігін, әсемділігін ескеретін. Оның репертуарында —Ф. Шопен, Ф. Шуберт, Ф. Мендельсон, В. Моцарт, Л. Бетховен шығармалары бар.

Есипованың әрқашан шығармашылық жағынан серіктестері болған тұлғалар: К. Давыдов, Л. Ауэр и А. Вержбилович, Антон Рубинштейн.

Г. М. Коган айтқандай: Есипова — өз уақытының және мемлекетінің шегінен шығатын пианисттік құбылыс. Ол шамамен жиырма жыл бойы концерттерімен күллі әлемді аралады. Оның жетістігі үлкен болды. Париж және Лондон, неміс және американ қалалары орыс пианистін әрқашан көңілмен қарсы алды. Бұл Есипованың жеке триумфы болып қана қойған жоқ: ол орыс пианисттік өнерінің әлемдік мәні болды. Есиповаға дейін тек бір пианист шет елге танымал болды, ол — Антон Рубинштейн. Бірақ Рубинштейнді әлі жеке қарастырмайды.

Лешетицкиймен 1892 жылы ажырасқан соң Есипова Ресейге оралады. Санкт-Петербург консерваториясында фортепиано профессоры қызметін атқарады.

Басында оның тек 12 оқушысы болды, бірнеше жылдан соң 42 студент болды. Сол заманғы оның оқушыларының ішінде: Ольга Калантарова, Гавриил Романовский, Томас де Гартман, Альфред Мерович, Владимир Дроздов, Сергей Тарновский, Леонид Крейцер, Юзеф Турчинский, Наталья Позняковская, Анастасия Абдушели-Вирсаладзе, Александр Боровский, Борис Захаров, Александр Зейлигер, Сергей Прокофьев; Исидор Ахрон, Симон Барер, Мария Юдина; брал уроки Борис Фомин сынды тұлғаларды атауға болады.

Ұлы Евгений Иванович Ильин (1877—1915) — пианист; анасының оқушысы — Ольга Калантароваға үйленген.

Анасы мен баласы Александр-Невск лаврының Никольск зиратында жерленген. 1948 жылы «Өнер шеберлері Некрополіне» қайта жерленді; сол кезде олардың зиратына А. Аргентидің скульптуралық композициясы орнатылды. Ол 1900 жылы орындалған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• Есипова, Анна Николаевна // Брокгауз және Ефронның энциклопедиялық анықтамалығы: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.

• Есипова, Анна Николаевна — статья из Большой советской энциклопедии