Ащыағар
Ащыағар өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 45 км |
Су алабының ауданы |
15000 км² |
Су шығыны | 5 м³/с (бастауы) |
Су ағысы | |
Бастауы | Маңғыстау тауларының оңтүстік бөктері |
• Координаттары | 43°43′02″ с. е. 51°36′46″ ш. б. / 43.71722° с. е. 51.61278° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Қарақия ойысы |
• Координаттары | 43°25′52″ с. е. 51°49′21″ ш. б. / 43.43111° с. е. 51.82250° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°25′52″ с. е. 51°49′21″ ш. б. / 43.43111° с. е. 51.82250° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Маңғыстау облысы Қарақия ауданы |
Ащыағар – Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы өзен. Ұзындығы 45 км-ге жуық.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маңғыстау тауларының оңтүстік бөктерінен бастау алып, Қарақия ойысының солтүстік-батысынан шығысқа бойлай ағады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады.[1]
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өзен ұзындығы 45 км, су алабы ауданы 15 мың км2 құрайды. Өзен бастауын Қаратау жотасының оңтүстік бөктерінен бастап, Қарақия ойпатының батыс жағында орналасқан Батыр сорында тартылып қалады. Өзен арнасының ені - 10-50 м, жағалауының биіктігі – 1-4 м-ге тең.
Суы тұщы болып табылады. Өзен негізінен қар суымен толығады. Су шығыны шамамен 5 м³/с тең. Сәуір айында су деңгейі орташа деңгейден 4-5 м асып, ауданда су тасқыны қауіпі кездеседі. Желтоқсан айының ортасында өзен қатып (қыстың соңында мұз қалыңдығы 0,5 м жетеді), наурыз айының басында өзен қайта ашылады.