Ақбел

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ауыл
Ақбел
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Қарағанды

Ауданы

Бұқар жырау

Ауылдық округі

Ақбел

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°17′08″ с. е. 73°47′55″ ш. б. / 50.28556° с. е. 73.79861° ш. б. / 50.28556; 73.79861 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°17′08″ с. е. 73°47′55″ ш. б. / 50.28556° с. е. 73.79861° ш. б. / 50.28556; 73.79861 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1921

Бұрынғы атаулары

Пушкино

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

458 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

09

Ақбел картада
Ақбел
Ақбел
Ақбел картада
Ақбел
Ақбел

Ақбел (1993 жылға дейін – Пушкино)[1]Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Ақбел ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұқар жырау ауданының шығыс бөлігінде, аудан орталығы – Ботақара кентінен солтүстікке қарай 24 км-дей жерде.

Ақбел 1997 жылға дейін "Пушкино" деп аталған. Іргесі 1921 жылы құрылған. Округ аумағында 1927-1961 жылдары Пушкин атындағы ұжымшары, 1961-1997 жылдары Пушкин кеңшары болды. 1997 жылы ауылдың аты Ақбел болып өзгертілді. 2000 жылы Пушкин атындағы кеңшары таратылды. Ауылдық округтің құрамына Ақбел, Алабас, Құрама ауылдары кіреді.

Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
979 625 458 73,3 324 223 68,8 301 235 78,1

Округ аумағында Қорғанкөл көлі бар. Кеңшар кезінде балық аулау кәсібі болған. Окрутте 62 жеке шаруа қожалығы құрылған. Клуб, Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-интернат, фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 сөйлесу пункті, пошта бөлімшесі, 5 жеке меншік дүкен (1-Құрама ауылында) жұмыс істейді. Округ аумағы арқылы Қарағанды—Ақбел—Баянауыл автомобиль жолы өтеді.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]