Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы
орыс. Всероссийская государственная телевизионная и радиовещательная компания (ВГТРК)
Басқаратын атқарушы орган:

РФ Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігі

Ұйым түрі:

федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорын

Басшылары
Бас директоры

Олег Добродеев

Құрылуы
Құрылуы

14 шілде 1990 жыл

Радиохабар таратуды бастау

10 желтоқсан 1990 жыл

Телехабар таратуды бастау

13 мамыр 1991 жыл

vgtrk.ru

Мәскеу, Ямское Поле 5-ші көшесі, 19/21

Ортаққор логотипі Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы Ортаққорда

Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы (БМТРК)Ресейдегі және Еуропадағы ірі жетекші мемлекеттік телерадиокомпанияның бірі.[1]

1990 жылы 14 шілдеде РКФСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Қаулысымен құрылған.[2] Бас директоры — Олег Добродеев.[3][4]

1990 жылы 21 маусымда РКФСР халық депутаттарының I Съезі РКФСР Министрлер Кеңесіне РКФСР Теледидар және радио хабарларын тарату жөніндегі Мемлекеттік комитетін (РКФСР Мемтелерадиосы) құруға байланысты шаралар қабылдауды тапсыратын РКФСР бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қаулы қабылдады. 1990 жылы 14 шілдеде РКФСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы қаулысымен Мемтелерадио орнына «Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясын» (БМТРК) құрады.

1990 жылы 10 желтоқсанда БМТРК-ның Радиохабар таратудың ақпарат қызметі дирекциясы мен Бағдарламалық хабар тарату дирекциясы[5] радио бағдарламаларын бірінші және үшінші арнадан, 1991 жылдың басынан бастап тек үшінші арнадан бере бастады.

1991 жылы 13 мамырда БМТРК-ға екінші телеарнаның кешкі хабар тарату уақыты беріліп, «РТР» («Ресей теледидары және радиосы») телеарнасы іске қосылды.[6] Сөйтіп БМТРК республика бойынша емес, бүкіл одақ бойынша хабар таратуға қол жеткізді. Бұл КСРО Орталық теледидарынан бөлек осындай екінші телерадиокомпания болды.[7][8]

БМТРК негізгі медиа активтері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Федералдық телехабар тарату

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бүгінде БМТРК эфирлік хабар таратуды 20 бағдарлама арқылы жүзеге асырады, оның 16-сы Ресейдің шалғай аймақтарына арналған. Эфирлік арналар барлық спутниктік және кабельдік хабар тарататын операторлардың пакеттері мен Ресейдегі Цифрлық телевизияның бірінші мультиплексінде қолжетімді.

  • «Ресей-1» («Ресей») — компанияның негізгі телеарнасы; жалпы ресейлік, ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық ойын-сауық арна. 1991 жылы 13 мамырда іске қосылды. Арнаның хабар тарату кестесінде мемлекеттік телерадиокомпанияларға арналған жүйеленген жергілікті терезелер бар.
  • «Ресей-К» («Культура») — ақпараттық-мәдени, танымдық және әдеби-музыкалық телеарна. 1997 жылы 1 қарашада іске қосылды. Арнаның хабар тарату кестесінде жергілікті терезелер бар.
  • «Ресей 24» — тәуліктік ақпараттық және қоғамдық-саяси телеарна. 2006 жылы 1 шілдеде іске қосылды. Арнаның хабар тарату кестесінде жергілікті терезелер бар.
  • «Карусель» — «Бірінші арна. Бүкіләлемдік желі» АҚ-мен бірлескен танымдық ойын-сауық балалар-жасөспірімдер телеарнасы. 2010 жылы 27 желтоқсанда іске қосылды.

Халықаралық хабар тарату

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «РТР-Планета» — алыс-жақын шетелде тұратын орыстілді қауымға арналған арна. 2002 жылы 1 шілдеде іске қосылды. Хабар тарату кестесі «Ресей-1» және «Ресей-К» арналарының бағдарламалары негізінде жасалады; негізгі арнасы (Planeta-RTR, МСК+0) Еуропаға хабар таратады; әлемнің жекелеген аумағында 3 редакциясы бар:
    • «РТР-Планета — АҚШ» (Planeta-RTR, МСК−7) — Америкаға арналған;
    • «РТР-Планета — ТМД» (Россия-РТР, МСК+0) — ТМД елдеріне арналған;
    • «РТР-Планета — Азия» (Россия-РТР, МСК+3) — Азия-Тынық мұхиты елдеріне арналған.
  • «Карусель International» — орыстілді қауымға арналған «Бірінші арна. Бүкіләлемдік желі» АҚ-мен бірлескен халықаралық арна; хабар тарату кестесі «Карусель» арнасының бағдарламалары негізінде жасалады.

Цифрлық телевизия (тақырыптық телеарналар пакеті)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Моя планета»
  • «Наука»
  • «История»
  • «Техно 24»
  • «Живая планета»
  • «Доктор»
  • «Мосфильм. Золотая коллекция»
  • «Русский бестселлер»
  • «Русский детектив»
  • «Русский роман»
  • «Комедия»
  • «Настоящее страшное телевидение»
  • «Страшное HD»
  • «Cinema»
  • «FAN»
  • «Сарафан»
  • «Мульт»
  • «Ani»
  • «Мультимузыка»
  • «Мама»
  • «Киномульт»

Пакеттегі көптеген арна шет мемлекеттердің кабельдік және спутниктік желілерінде де таралады.

БМТРК құрған аймақтық телеарналар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Москва 24» (Мәскеу)
  • «360°» (Мәскеу облысы)
  • «360 Новости» (Мәскеу облысы)
  • «Запад 24» (Солтүстік-Батыс федералдық округ)
  • «Лотос 24» (Астрахан облысы)
  • «Липецк 24» (Липецк облысы)
  • «Волгоград 24» (Волгоград облысы)
  • «Кавказ 24» (Солтүстік Кавказ федералдық округі)
  • «Нижний Новгород 24» (Нижний Новгород облысы)
  • «Самара 24» (Самара облысы)
  • «Башкортостан 24» (Башқұртстан Республикасы)
  • «Урал 24» (Орал федералдық округі)
  • «Сибирь 24» (Сібір федералдық округі)
  • «Восток 24» (Қиыр Шығыс федералдық округі)[9]

Хабар таратуын тоқтатқан телеарналар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «2 Спорт 2» (09.02 - 13.07.2010; 50 %) («Бірінші арна» ААҚ-мен бірлескен арна)
  • «24 Док» (01.02.2015 - 01.07.2017 жылдары холдинг құрамында болды)
  • «IQ HD» (15.04.2014 - 22.04.2016)
  • «Бестселлер» (01.11.2014 - 31.12.2017)
  • «Бибигон» (01.09.2007 - 27.12.2010)
  • «Бойцовский клуб» (02.12.2011 - 25.12.2015)
  • «ГО» (26.04 - 01.09.2018)
  • «Метеор-Кино» (19.07.1996 - 04.08.1997)
  • «Метеор-Спорт» (19.07 - 04.08.1996)
  • «Планета HD» (22.04.2016 - 01.12.2019)
  • «Планета Спорт» (01.07.2005 - 14.04.2009)
  • «Парк развлечений» (01.02.2015 - 31.01.2017 жылдары холдинг құрамында болды)
  • «Российские университеты» (13.04.1992 - 11.11.1996)
  • «Россия HD» (29.12.2012 - 01.07.2016)
  • «Россия-2» (бұрынырақ — «Спорт») (22.06.2003 - 31.10.2015)
  • «Спорт» (бұрынырақ — «Спорт-2») (04.04.2011 - 25.01.2016)
  • «Спорт-1» (14.08.2010 - 25.01.2016)
  • «Страна» (26.11.2009 - 30.11.2017)
  • «Тлум HD» (22.04.2016 - 01.12.2019)

Радиохабар тарату

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Федералдық радиостанциялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бүгінде БМТРК эфирлік радиохабар таратуды 8 бағдарлама арқылы жүзеге асырады, оның 4-і Ресейдің шалғай аймақтарына арналған.

  • «Ресей радиосы» — көпшілікке қолжетімді мультиформатты арна. Радиостанцияның хабар тарату кестесінде мемлекеттік телерадиокомпанияларға арналған жергілікті терезелер бар.
  • «Маяк радиосы» — ойын-сауық, музыкалық арна. Радиостанцияның хабар тарату кестесінде жергілікті терезелер бар.
  • «Вести ФМ» — ақпараттық, қоғамдық-саяси арна. Радиостанцияның хабар тарату кестесінде жергілікті терезелер бар.
  • «Культура радиосы» — ақпараттық, музыкалық ойын-сауық, мәдени-ағартушы және әдеби-публицистикалық арна. Қазіргі уақытта тек Мәскеуде 91,6 МГц жиілікте хабар таратады.

Аймақтық радиостанциялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. Мәскеу және Мәскеу облысы: «Москва Медиа»-мен бірлесіп БМТРК үш арна бойынша хабар таратады:

  • «Москва FM» — ақпараттық ойын-сауық.
  • «Capital FM» — ақпараттық-музыкалық (ағылшын тілінде).
  • «Радио Москвы» — ақпараттық-музыкалық.

2. Барнаул және Алтай өлкесі:

  • «Heart FM» — музыкалық ойын-сауық.

3. Волгоград облысы:

  • «Волгоград 24 ФМ» — музыкалық ойын-сауық.[10][11]

4. Хабаровск өлкесі:

  • «Радио Хорошего Настроения» — музыкалық ойын-сауық

5. Солтүстік Осетия-Алания Республикасы:

  • «Алания ФМ» («Радио Алания») — ақпараттық музыкалық ойын-сауық

Хабар таратуын тоқтатқан радиолар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Радио „Планета-Томск“» (X-радио) — музыкалық ойын-сауық радиостанция (Томск/Северск 106,6 МГц)[12][13][14][14]
  • Радио России - Nostalgie
  • Голос России
  • Маяк-24

Интернет-жобалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Россия» мемлекеттік интернет-арнасы — БМТРК барлық орталық және аймақтық телерадиокомпанияларының интернет-ресурстары.
  • Вести.Ru — ақпараттық интернет-портал.
  • Filmpro.ru — үлкен киносайт.
  • Tlum.ru — балаларға арналған сайт.
  • Digitalrussia.tv — пакет цифровых каналов компании, объединённых под единым брендом «Цифровое телевидение».
  • «Юность» («Юность ФМ», «ЮFM») — жастарға арналған музыкалық интернет-радиостанция.

Технологиялар

  • Смотрим — видеоконтентті қарауға арналған және эфирлік хабарға стрим жасайтын онлайн-платформа.
  • Витрина ТВ (25 %)[15] — федералдық телеарналардың контентін интернетте трансляциялайтын бірыңғай платформа.

БАҚ басылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Вестник РТР» журналы
  • «РТР-Медиа» сейлз-хаусы
  • Телевизия және радио бағдарламаларының мемлекеттік қоры, Мәскеу
  • 0+ Медиа
  • «Паровоз» анимациялық студиясы
  • «100 киловатт» телекомпания/анимациялық студиясы
  • Ұлттық жарнама альянсы (25 %)

Аймақтық филиалдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ГТРК «Чита» аумақтық бөлімшесі (ГТРК «Агинское»), Забайкалье өлкесі, Агинское
  • ГТРК «Адыгея», Адыгея Республикасы, Майкоп
  • ГТРК «Алания», Солтүстік Осетия — Алания Республикасы, Владикавказ
  • ГТРК «Алтай», Алтай өлкесі, Барнаул
  • ГТРК «Амур», Амур облысы, Благовещенск
  • ГТРК «Поморье», Архангельск облысы, Архангельск
  • ГТРК «Лотос», Астрахань облысы, Астрахань
  • ГТРК «Башкортостан», Башқұртстан Республикасы, Уфа
  • ГТРК «Белгород», Белгород облысы, Белгород
  • ГТРК «Бира», Еврей автономиялы облысы, Биробиджан
  • ГТРК «Брянск», Брянск облысы, Брянск
  • ГТРК «Бурятия», Бурятия Республикасы, Улан-Удэ
  • ГТРК «Владивосток», Приморье өлкесі, Владивосток
  • ГТРК «Владимир», Владимир облысы, Владимир
  • ГТРК «Вологда», Вологда облысы, Вологда
  • ГТРК «Волгоград-ТРВ», Волгоград облысы, Волгоград
  • ГТРК «Коми Гор» аумақтық бөлімшесі, Коми Республикасы, Воркута
  • ГТРК «Воронеж», Воронеж облысы, Воронеж
  • ГТРК «Вятка», Киров облысы, Киров
  • ГТРК «Горный Алтай», Алтай Республикасы, Горно-Алтайск
  • ГТРК «Дагестан», Дағыстан Республикасы, Махачкала
  • ГТРК «Донецк», Донецк Халық Республикасы, Донецк
  • ГТРК «Дон-ТР», Ростов облысы, Ростов-на-Дону
  • ГТРК «Ивтелерадио», Иваново облысы, Иваново
  • ГТРК «Ингушетия», Ингушетия Республикасы, Назрань
  • ГТРК «Иркутск», Иркутск облысы, Иркутск
  • ГТРК «Кабардино-Балкария», Қабарда-Балқар Республикасы, Нальчик
  • ГТРК «Калининград», Калининград облысы, Калининград
  • ГТРК «Калмыкия», Калмыкия Республикасы, Элиста
  • ГТРК «Калуга», Калуга облысы, Калуга
  • ГТРК «Камчатка», Камчатка өлкесі, Петропавловск-Камчатский
  • ГТРК «Камчатка» аумақтық бөлімшесі (ГТРК «Палана»), Камчатка өлкесі, Коряк округі, Палана
  • ГТРК «Карачаево-Черкесия», Қарашай-Черкес Республикасы, Черкесск
  • ГТРК «Карелия», Карелия Республикасы, Петрозаводск
  • ГТРК «Кузбасс», Кемерово облысы — Кузбасс, Кемерово
  • ГТРК «Коми Гор», Коми Республикасы, Сыктывкар
  • ГТРК «Кострома», Кострома облысы, Кострома
  • ГТРК «Кубань», Краснодар өлкесі, Краснодар
  • ГТРК «Кубань» аумақтық бөлімшесі, Краснодар өлкесі, Сочи
  • ГТРК «Красноярск», Краснояр өлкесі, Красноярск
  • ГТРК «Курган», Қорған облысы, Қорған
  • ГТРК «Курск», Курск облысы, Курск
  • ГТРК «Липецк», Липецк облысы, Липецк
  • ГТРК «ЛНР», Луганск Халық Республикасы, Луганск
  • ГТРК «Магадан», Магадан облысы, Магадан
  • ГТРК «Марий Эл», Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола
  • ГТРК «Мордовия», Мордовия Республикасы, Саранск
  • ГТРК «Мурман», Мурманск облысы, Мурманск
  • ГТРК «Поморье» аумақтық бөлімшесі (ГТРК «Заполярье»), Ненец автономиялы округі, Нарьян-Мар
  • ГТРК «Нижний Новгород», Нижний Новгород облысы, Нижний Новгород
  • ГТРК «Славия», Новгород облысы, Великий Новгород
  • ГТРК «Новосибирск», Новосибирск облысы, Новосибирск
  • ГТРК «Иртыш», Омбы облысы, Омбы
  • ГТРК «Оренбург», Орынбор облысы, Орынбор
  • ГТРК «Орёл», Орёл облысы, Орёл
  • ГТРК «Оренбург» аумақтық бөлімшесі, Орынбор облысы, Орск
  • ГТРК «Пенза», Пенза облысы, Пенза
  • ГТРК «Пермь», Пермь өлкесі, Пермь
  • ГТРК «Пермь» аумақтық бөлімшесі (ГТРК «Коми-Пермяцкая»), Пермь өлкесі, Коми-Пермяк округі, Кудымкар
  • ГТРК «Псков», Псков облысы, Псков
  • ГТРК «Ставрополье» аумақтық бөлімшесі, Ставрополь өлкесі, Пятигорск
  • ГТРК «Ока», Рязань облысы, Рязань
  • ГТРК «Самара», Самара облысы, Самара
  • ГТРК «Санкт-Петербург», Санкт-Петербург, Ленинград облысы
  • ГТРК «Саратов», Саратов облысы, Саратов
  • ГТРК «Саха», Саха Республикасы (Якутия), Якутск
  • ГТРК «Сахалин», Сахалин облысы, Южно-Сахалинск
  • ГТРК «Севастополь», Севастополь қаласы
  • ГТРК «Урал», Свердловск облысы, Екатеринбург
  • ГТРК «Смоленск», Смоленск облысы, Смоленск
  • ГТРК «Ставрополье», Ставрополь өлкесі, Ставрополь
  • ГТРК «Норильск», Краснояр өлкесі, Норильск
  • ГТРК «Таврида», Қырым Республикасы, Симферополь
  • ГТРК «Таймыр», Краснояр өлкесі, Дудинка
  • ГТРК «Тамбов», Тамбов облысы, Тамбов
  • ГТРК «Татарстан», Татарстан Республикасы, Қазан
  • ГТРК «Тверь», Тверь облысы, Тверь
  • ГТРК «Томск», Томск облысы, Томск
  • ГТРК «Тула», Тула облысы, Тула
  • ГТРК «Тыва», Тыва Республикасы, Кызыл
  • ГТРК «Регион-Тюмень», Түмен облысы, Түмен
  • ГТРК «Удмуртия», Удмурт Республикасы, Ижевск
  • ГТРК «Волга», Ульяновск облысы, Ульяновск
  • ГТРК «Иркутск» аумақтық бөлімшесі, Иркутск облысы, Усть-Ордынский
  • ГТРК «Южный Урал», Челябі облысы, Челябинск
  • ГТРК «Южный Урал» аумақтық бөлімшесі (ГТРК «Магнитогорск»), Челябі облысы, Магнитогорск
  • ГТРК «Дальневосточная», Хабаровск өлкесі, Хабаровск
  • ГТРК «Дальневосточная» аумақтық бөлімшесі (ГТРК «Комсомольск»), Хабаровск өлкесі, Комсомольск-на-Амуре
  • ГТРК «Хакасия», Хакасия Республикасы, Абакан
  • ГТРК «Югория», Ханты-Манси автономиялы округі — Югра, Ханты-Мансийск
  • ГТРК «Вологда» аумақтық бөлімшесі, Вологда облысы, Череповец
  • ГТРК «Вайнах», Шешен Республикасы, Грозный
  • ГТРК «Чита», Забайкалье өлкесі, Чита
  • ГТРК «Чувашия», Чуваш Республикасы, Чебоксары
  • ГТРК «Чукотка», Чукотка автономиялы округі, Анадырь
  • ГТРК «Красноярск» аумақтық бөлімшесі (ГТРК «Хэглэн»), Красноярский край, Тура
  • ГТРК «Ямал», Ямал-Ненец автономиялы округі, Салехард
  • ГТРК «Ярославия», Ярославская облысы, Ярославль

Дерекөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.
  2. Архивированная копия. Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 ақпан 2013.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 31 шілде 2013. о компании
  3. Указ Президента Российской Федерации от 29 июля 2004 г. № 990 «О внесении изменения в Указ Президента Российской Федерации от 25 августа 1997 г. № 919 „О совершенствовании государственного телевещания в Российской Федерации“». Официальный интернет-портал правовой информации (29 шілде 2004). Тексерілді, 27 қазан 2013.
  4. Указ Президента Российской Федерации от 31 января 2000 г. № 288 «О председателе Всероссийской государственной телевизионной и радиовещательной компании». Официальный интернет-портал правовой информации (31 қаңтар 2000). Тексерілді, 27 қазан 2013.
  5. «Радиожурналистика» под ред. проф. Шереля А. А.
  6. "Отец" первого в СССР альтернативного телеканала Олег Попцов празднует юбилей. Vesti.ru (30 мамыр 2009). — «РТР – это ведь российское телевидение и радио, которое союзные власти, Горбачев сняли с кнопки "Маяка"...»
  7. КАКИХ КОНЕЙ МЕНЯЮТ НА ПЕРЕПРАВЕ - Общество - Новая Газета № 32. «Новая газета» (14 мамыр 2001). — Общество. Тексерілді, 15 қыркүйек 2013.
  8. Олег Добродеев: "Вести" сейчас — программа дистилированная. Коммерсантъ (14 мамыр 2001). Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 наурыз 2014.
  9. "Восток 24". Весь Дальний Восток на одном канале  (орыс.), Новости Владивостока и Приморского края - Вести: Приморье (30 мая 2018). Тексерілді 2 маусымның 2018.
  10. Радиовещание ГТРК Волгоград-ТРВ. Тексерілді, 16 маусым 2018.
  11. ГТРК "Волгоград-ТРВ". "Волгоград 24" Радиостанция «Волгоград 24» начала вещание (14 мамыр 2018). Тексерілді, 16 маусым 2018.
  12. Igor Guzei - [email protected] Радио Планета Томск, Томск  (орыс.). guzei.com. Тексерілді, 14 сәуір 2018.
  13. Радиостанции по городам - Victor City  (орыс.). vcfm.ru. Тексерілді, 20 сәуір 2018.
  14. a b Роскомнадзор - Реестр лицензий на деятельность по телерадиовещанию (3 қазан 2005).
  15. Крупнейшие телехолдинги присоединились к «Витрине ТВ» Мұрағатталған 17 қарашаның 2020 жылы. Коммерсантъ