Бәден

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бәден

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Apiales
Тұқымдасы: Apiaceae
Кіші тұқымдасы: Apioideae
Тайпасы: Pimpinelleae
Тегі: Pimpinella
Түрі: P. anisum
Екі-есімді атауы
Pimpinella anisum
Карл Линней

Бәден , анис (лат. Anisum) – шатыршагүлділер тұқымдасының балбырауын туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.


Кавказда, Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізі жағалауларында өсетін 2 түрі кездеседі. Ал Қазақстанда 1 түрі кәдімгі Бәден (A. vulgare) бар. Оның биіктігі 60 – 75 см. Тамыры жуан, тік сабақты. Тамыр түбіндегі жапырақтары қысқа сағақты, ал сабақ ұшындағы жапырақтары сағақсыз болады. Ақ түсті гүлдері күрделі шатырша гүлшоғырын құрайды. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі – қос тұқымды қорапша, сыртын жіп сияқты түк басқан. Бәденнің құрғақ жемісінің құрамында 2,2 – 3,2% эфир майы, 18 – 20% май, 17 – 20% белок болады. Майы сабын қайнатуда, жемісі тамақ өнеркәсібінде және парфюмерияда қолданылады. Ал күнжарасын ұсақ мал сүйсініп жейді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы