Векшё

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Векшё – Смоландтың тарихи жерінде орналасқан, Швецияның оңтүстігіндегі университет қалашығы. [1]. Крунуберг леннің әкімшілік орталығы. Халқының саны – 81 074 адам. (2009). Векшё сонымен бірге «Шынылар патшалығының» орталығы болып табылады.

Векшёдегі Телеборг қамалы

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Векшё екі көлдің аралығында орналасқан. Оның атауы väg ( жол) және sjö (көл) швед сөздерінен шыққан. Шаруалар қыс мезгілінде базарға осы мұз қатқан көлдің үстімен жүріп жеткен. Қаланың солтүстігінде оңтүстік Швецияның ірі көлдерінің бірі Хельгашён (Helgasjön) орналасқан.

Векшёде сауда ісі темір дәуірінде гүлденген. 1170 жылы Векшё епископтар мен қажыға барушылардың орталығы болған. Векшё қала құқығын 1342 жылы 13 ақпанда король Магнус Эрикссоннен алған. Негізінде қала XI ғасырдың өзінде-ақ пайда болған.

Векшё аймағы саяхатшылар арасында Балтық су алабымен танымал. Сонымен қатар қайық пен катер арқылы, Векшёнің төңірегіне саяхат жасауға, велосипедпен шыны зауыттарды және қорғандарды аралауға болады. Саяхатшыларға түнемекке түрлі үлгідегі қонақ үйлер де ұсынылады.

Көрікті жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қала орталығындағы басты қонақжай жер деп, XIV ғасырда салынған Кафедральды соборды атауға болады. Векшёде бірнеше музейлер бар. Олардың ішінде эмиграция музейі Utvandrarnas Hus пен шведтік шыны музейі бар. Телеборг ауданында университет аумағында 1900 жылы негізі қаланған Телеборг қорғаны қоныс тепкен. Солтүстікке 5 шақырым жүргенде Кроноберг қамалында көруге болады.

Векшёде дүниеге келген атақты адамдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Йонас Бьоркман – теннисші
  • Карл-Биргер Бломдаль – композитор
  • Пер Лагерквист – жазушы және 1951 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
  • Отто Линдблад – композитор
  • Кристина Нильссон – опера әншісі
  • Матс Виландер – теннисші
  • Крусеншерна, Агнес фон (1894—1940)– швед жазушысы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Population in the country, counties and municipalities by sex and age 31/12/2009