Владимир Васильевич Стасов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Владимир Васильевич Стасов
Туған күні

14 қаңтар 1824 (1824-01-14)

Туған жері

Санкт-Петербург

Қайтыс болған күні

23 қазан 1906 (1906-10-23) (82 жас)

Қайтыс болған жері

Санкт-Петербург

Азаматтығы

Ресей империясы

Қызметі

Музыка және өнер сыншысы, публицист, өнер тарихшысы

Әкесі

Василий Петрович Стасов

Владимир Васильевич Стасов (14 қаңтар 1824, Санкт-Петербург, - 23 қазан 1906, Санкт-Петербург) - орыстың көркемсурет және музыка сыншысы, өнер тарихшысы, археолог. Құрметті академик (1900). Археолог В.П.Стасовтың баласы.

1833 - 43 жылдары Петербургтегі Құқық тану училищесінде оқыды. Көпшілік кітапханада зерттеу жұмыстарын жүргізу және халық өнерін, орыс, Шығыс және Батыс Еуропа өнерін, ою - өрнекті зерттеумен қатар негізінен сыншылықпен айналысты. Стасовтың эстетикалық көзқарасы революцияшыл демократтар эстетикасы негізінде қалыптасты. Стасов орыс көркем мәдениетінің ұлттық және халықтық ерекшелігімен өмірге тікелей қатысты сыншыл реализмнің идеялық демократиялығы үшін, сондай - ақ реакциялық академизмге қарсы күресті. Алдыңғы қатарлы суретші, музыкант, жазушылармен достық байланыста болумен бірге әрі олардың сенімді көмекшісі болды. Передвижниктерге игі көмек жасады. Орыс өнері туралы көптеген мақалалар, зерттеулер, күрделі еңбектер ("Орыс өнерінің 25 жылы" ,1928-83) жазды. Алғашқылардың бірі болып М.И.Глинка, М.П.Мусоргский, А.П.Бородин және шетел композиторлары өнерін зерттеп, насихаттады. "Құдіретті топтың" өнерлік прициптерін жүйеледі. Орыс музыка тарихын [[жүйе[[лі зерттеудің, тарихи - документті материалды жинақтаудың негізін қалады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 411 бет
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Vladimir Stasov