Генри (өлшем бірлігі)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Генри (Гн, Н) — индуктивтілік пен өзара индуктивтіліктің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі.Американ ғалымы Дж. Генридің (1797 — 1878) құрметіне аталған. 1 Гн — тұрақты ток күші 1 А-ге тең электр контурында шамасы 1 вебер магнит ағыны қоздыратын индуктивтілікке тең. 1 Гн-дің мұнымен пара-пар анықтамасы: 1 Гн — электр тогының 1 А/с жылдамдықпен өзгеруі нәтижесінде 1 В-қа тең өздік индукция ЭҚК-ін тудыратын электр тізбегінің индуктивтілігіне тең.

1 Гн = 1 В*с/А = 1 Вб/А =109 см (СГСМ бірлігі) = 1,11Һ10–12 СГСЭ бірлігі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том