Империялық серілер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Франц фон Зикинген XVI ғ.Империялық сері

Империялық серілер(нем. Reichsritterschaft) – “Қасиетті Рим империясындағы” көбінесе Германияның оңтүстік және батыс облыстарындағы лауазымы жоқ ұсақ және орта феодалдардың категориясы. Өз иеліктерінде жергілікті мемлекет билігінің құқықтарына ие болды. Рейхстагта өкілдігі болмады. Империялық серілер князьдарға қарсы тұра алмай, мал – мүлкінен жұтап, оларға кіріптар болып қалып отырған. 1577 жылы империялық серілер Шваб, Франк, Рейн аймақтарына бөлінген корпорация құрып, бірте – бірте сан және иелігі жағынан азая берді. Империяның таратылуына (1806) байланысты олардың иеліктері Рейн одағы мемлекеттерінің құрамына енгізілді[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974,5 том.