Жамбыл ауданы (Алматы облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан ауданы
Жамбыл ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Алматы облысы

Аудан орталығы

Ұзынағаш

Ауылдық округтер саны

24

Ауыл саны

61

Әкімі

Нұрлан Ертасұлы Ертас

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, №56

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°10′40″ с. е. 76°09′43″ ш. б. / 43.17778° с. е. 76.16194° ш. б. / 43.17778; 76.16194 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°10′40″ с. е. 76°09′43″ ш. б. / 43.17778° с. е. 76.16194° ш. б. / 43.17778; 76.16194 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

19,3 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

168 019[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (86%), орыстар (6,38%), ұйғырлар (2,57%), түріктер (1,47%), әзербайжандар (0,73%), басқалары (2,85%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

040600-040632[3]

Автомобиль коды

05

Жамбыл ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Жамбыл ауданы

 Басқа мағыналар үшін Жамбыл ауданы деген бетті қараңыз.

Жамбыл ауданыАлматы облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы – Ұзынағаш ауылы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан солтүстігінде Балқаш ауданымен, шығысында Іле, Қарасай аудандарымен, батысында Жамбыл облысының Мойынқұм, Шу, Қордай аудандарымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аулан Іле Алатауы сілемдерінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, оңтүстігін Іле Алатауының батыс, оңтүстік-батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солтүстікке қарай аудан жері жазыққа ұласып, мұнда Бозой үстірті мен Қараой аңғары, одан әрі Аңырақай, Жусандала жазығымен, Тауқұм құмының Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеледі. Кен байлықтарынан түсті металдар, әктас, құрылысқа жарамды тас, т.б. кездеседі.

Климаты континенттік, оңтүтігінде қысы біршама жұмсақ және қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы оңтүстігінде –8°С, солтүстігінде –12°С, шілдеде оңттүстігінде 20°С, солттүстігінде 25°С. Тау етегінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 500 мм, солтүстігінде 200 – 300 мм шамасында. Таулардан Күрті өзенінің алабына кіретін бірнеше өзен бастау алады (Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Қастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, Ырғайты, Ұзын Қарғалы, Шолақ Қарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, Тарғап, Қопа). Бұлардың кейбірі жазда тартылып қалады. Өзендерінің егін суғару, шабындықты суландыру және электр қуатын өндіру үшін маңызы зор.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жері оңтүстіктен солтүстікке қарай шалғынды қара топырақты, қызғылт қоңыр, қоңыр, сұр, құмдақты сұр, сортаң топырақты келеді. Оны көбінесе бетеге, боз, жусан, изен, ебелек басым әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер көмкерген. Солт-ндегі құмды алқапта сексеуіл тоғайы, өзен аңғарларында бұталы тоғай шоғырлары кездеседі. Жабайы аңдардан арқар, таутеке, елік, ақ бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық; құстардан бүркіт, лашын, бөктергі, бөдене, сулы жерде тырна, дуадақ, қаз, үйрек мекендейді. Ауданның а. ш-на жарамды жерінің аумағы 1,7 млн. га (2008), оның ішінде жыртылған жерлері 131 мың га, шабындығы 12,8 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Ауданда Ұзынағаш, Шілбастау, Қопа т. ж. ст-лары бар. Аудан жері арқылы Алматы – Бішкек автомобиль жолы өтеді. Ж. а-нда 900-ге жуық тарихи-археол. ескерткіш мемлекет қарауына алынған.

1939 1959 1970 1979 1989[4] 1999 2009[5] 2021
 29390 51530 72298 82904 94531 105895 117599 163052

Аудан халқының саны 166 347 адам (2019), 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады: оның ішінде: қазақтар (85,48%), орыстар (6,88%), түріктер (1,51%), ұйғырлар (2,59%), әзербайжандар (0,73%), күрдтер (0,23%), татарлар (0,42%), шешендер (0,24%), қырғыздар (0,25%), немістер (0,30%), корейлер (0,11%), өзбектер (0,30%), украиндар (0,05%), басқалары (0,91%).

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандағы 61 елді мекен 24 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[6]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Айдарлы ауылдық округі 1251 855 68,3 623 442 70,9 628 413 65,8
Аққайнар ауылдық округі 2754 2201 79,9 1348 1077 79,9 1406 1124 79,9
Ақсеңгір ауылдық округі 3381 4632 137 1705 2322 136,2 1676 2310 137,8
Ақтерек ауылдық округі 3408 2971 87,2 1723 1545 89,7 1685 1426 84,6
Беріктас ауылдық округі 2231 1760 78,9 1103 898 81,4 1128 862 76,4
Бозой ауылдық округі 466 448 96,1 245 230 93,9 221 218 98,6
Дегерес ауылдық округі 3574 3285 91,9 1863 1778 95,4 1711 1507 88,1
Жамбыл ауылдық округі 4393 4943 112,5 2229 2470 110,8 2164 2473 114,3
Қарақастек ауылдық округі 4175 4318 103,4 2062 2190 106,2 2113 2128 100,7
Қарасу ауылдық округі 3967 12616 318 1994 6394 320,7 1973 6222 315,4
Қарғалы ауылдық округі 20114 30999 154,1 9739 15365 157,8 10375 15634 150,7
Мәтібұлақ ауылдық округі 4156 3726 89,7 2089 1935 92,6 2067 1791 86,6
Мыңбаев ауылдық округі 3305 5357 162,1 1649 2660 161,3 1656 2697 162,9
Самсы ауылдық округі 2980 3302 110,8 1496 1685 112,6 1484 1617 109
Сарытауқұм ауылдық округі 340 312 91,8 173 161 93,1 167 151 90,4
Талап ауылдық округі 2627 2434 92,7 1302 1232 94,6 1325 1202 90,7
Таран ауылдық округі 2078 2656 127,8 1035 1331 128,6 1043 1325 127
Теміржол ауылдық округі 4722 5100 108 2376 2620 110,3 2346 2480 105,7
Ұзынағаш ауылдық округі 33121 54065 163,2 16231 27154 167,3 16890 26911 159,3
Үлгілі ауылдық округі 1367 982 71,8 715 526 73,6 652 456 69,9
Үлкен ауылдық округі 1682 1502 89,3 813 730 89,8 869 772 88,8
Үңгіртас ауылдық округі 3826 3831 100,1 1927 2024 105 1899 1807 95,2
Шиен ауылдық округі 2140 2399 112,1 1067 1204 112,8 1073 1195 111,4
Шолаққарғалы ауылдық округі 5541 8358 150,8 2739 4111 150,1 2802 4247 151,6
ЖАЛПЫ САНЫ 117599 163052 138,7 58246 82084 140,9 59353 80968 136,4

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]