Жолымбет алтын кен орны
Жолымбет алтын кен орны | |
51°44′15″ с. е. 71°43′28″ ш. б. / 51.73750° с. е. 71.72444° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°44′15″ с. е. 71°43′28″ ш. б. / 51.73750° с. е. 71.72444° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы |
Ашылған уақыты | 1932 жыл |
Өңдеу әдісі | ашық және жабық |
Жер қойнауын пайдаланушы | Қазақалтын |
Жолымбет алтын кен орны — Ақмола облысында, Астана қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан. 1932 жылы ежелгі кен қазбалардың ізімен ашылып, 1933 жылдан кен өндіріліп келеді.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кен терең жарылымдармен тілінген және Степняк кешенінің (S2) интрузиялары енген төменгі және орта ордовиктің шөгінді жыныстарында орналасқан.
Жатыс сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өндірістік маңызы бар кен түзілімдері интрузия денелерінде шоғырланған. Олардың таралу тереңдігі 1600-1700 м. Алтынның морфогенетикалық үш түрі анықталған: пириттегі ұсақ дисперсті субмикроскопиялық алтын; пириттің шоғырлануына байланысты түзілген желіше пішіндес саф алтын; метасоматикалық өзгеріске ұшырамаған кварц желілеріндегі алтын.
Минералдары, құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кен минералдары: пирит, пирротин, халькопирит, галенит, алтын; қосымша кен материалдары – марказит, сфалерит, арсенопирит, висмутин, шеелит,молибденит, борнит, т.б. Кентас құрамында, сондай-ақ, шашыранды индий, кадмий және таллий бар. Кентас құрамындағы алтынның орташа мөлшері 6,6 г/т. Кен орнынан барлығы 110 тоннадан артық алтын өндірілген. Жолымбет алтын кенінен Қазақалтын АҚ құрамындағы Жолымбет кеніші алтын өндіруде.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5