Жюль Риме

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жюль Риме
Jules Rimet
Туған күні

14 қазан 1873 (1873-10-14)

Туған жері

Жоғары Сона, Франция

Қайтыс болған күні

16. 10. 1956

Қайтыс болған жері

Сюрен, Франция

Азаматтығы

Франция Франция

Ұлты

Франция Франция

Қызметі

ФИФА президенті

Жюль Риме (фр. Jules Rimet; 14 қазан 1873, Жоғары Сона, Франция16 қазан 1956, Сюрен, Франция) — ФИФА-ның үшінші президенті ретінде әлемге танымал болған тұлға. ФИФА-ны 33 жыл үздіксіз басқарған. Бұл рекордтық көрсеткіш.

Риме сонымен бірге 1897 жылы Париждің "Ред Стар" клубын құрған, 1919-1949 жылдары Франция Футбол Федерациясын басқарған. 1873 жылы Франциядағы Жоғары Сона аймағында дүниеге келген. Бірінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, лейтенант шенін алған. 1921 жылы ФИФА-ның президенті боп сайланды да, әлем чемпионатын ұйымдастыру ісіне бел шеше кірісті[1][2]. Рименің белсенуімен 1930 жылы Уругвайда тұңғыш әлем чемпионаты өтті.

2014 жылы түсірілген режисер Ф. Обертеннің "Олар әлемді біріктірді" фильмінде Жюль Рименің рөлін Жерар Депардье сомдады.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • "Құрметті легион" ордені
  • "Соғыс кресті" ордені

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. History of FIFA - More associations follow. FIFA. Тексерілді, 10 сәуір 2012.
  2. Murray, Scott. Which Fifa presidents have served longer than Sepp Blatter? (23 March 2011). Тексерілді 10 сәуірдің 2012.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]