Евфимий Федорович Карский

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Карский Евфимий Федоровичбелорус совет тіл маманы, әдебиет зерттеуші, фольклорист. Ол 1861 жылы Гроднен облысында 1 қаңтарда дүниеге келген.

Лауазымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1885 жылы Нижинск тарих-филология институтын бітірген.

Карскийдің негізгі еңбектері белорус тілі, әдебиеті мен фольклоры және көне славян тілі мен палеография мәселелеріне арналған. «Белорустар» деген еңбегінде халық тілінің дамып жетілу заңдылықтарын ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Карский 1905 – 1917 жылы «Русский филологический вестник», 1920 жылдан «Известия отделения русского языка и словестности Академии наук» журналдарының редакторы болды. Ол 1931 жылы 29 сәуірде дүниеден озды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том.