Кодекс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кодекс - заңның белгілі бір салаларына жататын нормаларды жаңа талаптар мен жағдайларға сәйкес, ішкі мазмұны жағынан күшейтіп, өзгертіп, толықтырып бір жүйеге салу арқылы жасалған заң актісі. Кезіндегі КСРО-ның құру жолында ілгері басқан сайын мемелекеттік мүшелерінің заң нормаларын жасақтау міндеті де күшейе түсті. Бұрын қабылдаған кейбір заңдар күшін жояды немесе оларды жаңа жағдайға бейімдеп толықтыру талабы қойылады. Осыған байланысты мезгіл-мезгіл сол заңды нормаларды қайта қарау, реттеу, бір жүйеге келтіру қажет. Нормативті актілерді реттеудің негізгі 2 жолы бар:

Олар - интерпретация және кодификация деп аталады.

  1. Интерпретация - қолданып келген заңдылық нормаларды мазмұны жағынан өзгертпей, сол күйінде қалдырып, сыртқы белгілері мен көріністері бойынша бір жүйеге келтіру, сөйтіп, оларды пайдалануды жеңілдету.
  2. Кодификация - заңды нормаларды салаларына сәйкес талдап жинау, қайта қарап жаңа жағдайға сай жаңа заң шығару, яғни заңды мейлінше жетілдіру.

Кодекс - осы кодификацияға жатады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алматы-кітап, 1997ж., 4-том