Кэрри Фишер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кэрри Фишер
Carrie Frances Fisher
Жалпы мағлұмат
Туған күні

21 қараша 1956 (1956-11-21)

Туған жері

Беверли-Хиллз, Калифорния, АҚШ

Қайтыс болған күні

27 желтоқсан 2016 (2016-12-27) (60 жас)

Қайтыс болған жері

Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

1969 - 2016

Кэрри Фишер ([21.11.1956, Беверли-Хиллз, Калифорния, АҚШ – 27.12.2016, Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ) – американдық актриса, сценарист, прозаик, актриса Дебби Рейнольдс пен әнші Эдди Фишердің қызы. «Жұлдызды соғыстар» атты фильміндегі Лея Органа ханшайымының рөлімен танымал болған.

Кэрри 2 жаста болғанда ата-аналары ажырасып, әкесі актриса Элизабет Тейлорға үйленіп, анасы аяқ-киім дүкендерінің желісінің иесі Гарри Карлға күйеуге шығады.

Кэрри жастайынан әке-шешесінің жолымен жүргісі келді, 12 жасынан бері анасымен бірге Лас-Вегасқа жиі барып тұрды. Бастапқыда ол Беверли Хиллз мектебіне түседі, бірақ балалық шағының арманын орындау үшін, актриса атану үшін мектепті тастап кетеді. Өнерге деген алғашқы қадамын 1973 жылы «Ирэн» атты мюзикліндегі рөлімен бастады.

Кэрри Фишердің Брайан Лурдтан Билли Кэтрин атты қызы бар. Бірақ, ол жұп бір-бірімен ресми түрде қосылмаған, біраздан соң ажырасып кеткен.