Кіші шырғалақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кіші шырғалақ (Limosa Іарроnіса) - үлкен шырғалақтан дене мөлшерінің шағындылығымен (275 г шамасында, тұмсығы -7-11 см) ерекшеленетін құс.

Биологиялық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кіші шырғалақ ұшып жүргенде оның қанатындағы ақ жолақтары білінбейді. Жотасы - ақ, құйрығының ұшында жолақтары бар, тұтас қара реңді емес. Тұмсығы - жоғары қарай өте қайқы, күйттік жасануы кезінде жемсауындағы жабын қауырсындарының кірпіш тұстес қызғылтсары түсі бауырдың соңына дейін жойылады.

Скандинавиядан Чукоткаға дейінгі тундра мен орманды тундрада қоныстанады. Қазақстанда тек қана ұшып өткен кезде (сәуір-мамыр және шілденің соңынан қыркүйектің басына дейін) кездеседі, оқта-текте кезеген (бродячие) дарақтары жазда байқалып қалады.

1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.