Кәдімгі көкек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кәдімгі көкек

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Көкектертәрізділер
Тұқымдасы: Көкектер
Тегі: Cuculus
Түрі: Кәдімгі көкек
Екі-есімді атауы
Cuculus canorus
(Linnaeus, 1758)

Кәдімгі көкек (лат. Cuculus canorus) - Көкектәрізділер отрядының Көкектер тұқымдасына жататын құс.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кәдімгі көкектің денесі өте үлкен болмаса да (бар болғаны 100 грамм шамасында) ұзын құйрығы және жабын қауырсындарының тығыздығынан едәуір ірі болып көрінеді. Көкектің реңі (бүкіл жабын қауырсының сұр реңкі және көлденең жолақты дәл сондай құйрығы болғандықтан) қырғиға ұқсас болады да, ұсақ торғайларды үркітеді. Аналықтары және көкектер жабын қауырсындарының реңкі көбінесе қызыл-сары болып келеді. Аналығы тамылжыта бүлкілдетіп, қарқылдаған дауысы шығады.

Ұя салмайды, құстың бұл түріне ұяшыл масылдық қасиеті тән. Әрбір аналықтың маманданған шағын торты түрлері бар - аналықтар ұя иесі жұмыртқасының мөлшері және реңіне ұқсас жұмыртқа туады. Көкек ұя иесінің жұмыртқа салуға даярлаған немесе жұмыртқасы бар ұясын тауып алып, оған өз жұмыртқасын салады.

Жұмыртқаны жарып шыққан қызыл - шақа және соқыр балапан инстинктивті қимыл жасайды - ұя қабырғасына аяғын тіреп, ұядағы өзінен басқаларды (ұя иесінің жұмыртқасын немесе балапандарын) сыртқа теуіп шығарады. Ұяда жалғыз қалған көкектің балапаны барлық қамқорлықты асырап алған аталық пен аналықтарға жүктейді. Көкектің балапаны көбінесе тез өсіп, өзінің асыраушысынан да үлкен болып кетеді де, ересек құсқа балапанның арқасына қонып, асыранды балапанның шырылдаған үлкен аузына кезектегі қорек үлесін тықпалайды.

Көкектің аналығы жаз бойы бөтен ұяға 12 жұмыртқаға дейін астыртын қалдырып кетеді. Көкектер көбінесе бунақденелілермен қоректенеді, өзге құстар қабыл алмайтын, тіпті түкті жұлдызқұрттарды да жейді. Қазақстанға кешеуілдеп - сәуірдің ең соңында ұшып келіп, қыркүйектің соңына дейін ұшып кетеді.

Үндістанды қоспағанда Еуропада, Африканың үлкен бөлігінде орын тепкен. Қазақстанда мүлде сусыз және тіршіліксіз шөлден басқа жерлердің барлығында өмір сүреді.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Cuculus canorus. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.