Мақсұт Ыбырайұлы Байсейітов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мақсұт Байсейітов[1] (1927-1972) Қарағанды облысының бұрынғы Тельман ауданына қарасты Елтай ауылында туған. Арғын тайпасының Қуандық руының Қареке бөлімінен шыққан[2]. Қарағанды мемлекеттік оқытушылар институтының тіл және әдебиет фа-культетін тамамдайды. Ол еңбекке жастай араласады. Қарағанды шахтасында істейді. Кейін Қарағанды облыстық радио комитетіне, телевидениесінде редактор, облыстық газетте әдеби қызметкер болған.

«Қайрат», «Менің бақытым», «Сұрапыл» атты поэмалары бар. Ең күрделі де көлемді шығармала-рының бірі — «Қыран» атты дастаны. Бірнеше рет ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бірнеше шағын пьесалар мен көптеген репертуарлық жинақтардың, көркем очерктер, фельетондар мен проблемалық мақалалардың авторы.

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Өмір оты. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМ КӨБ, 1953;
  • Қарқаралы басында. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1977.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
  2. Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014