Пайдаланушы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) — 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

Пайдаланушы аймағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдаланушы аймағы (Область пользователя; user area) — 1) мәселенің жұмыстық аймағы — терминалға немесе пайдаланушы программасына бөлінген негізгі жад аймағы; 2) есептеу желілерінде — пайдаланушының қолданбалы процестерінің жиынтығы; 3) қарым- қатынастық желіде — мәліметтерді жеткізу бойынша оның қызметін пайдаланатын терминалдар жиынтығы.

Пайдаланушы анықтайтын пернелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдаланушы анықтайтын пернелер (функционал пернелер) (Клавиши, определяемые пользователем (функциональные клавиши); user definable keys) — қызметін пайдаланушы адам өзгерте алатын пернелер. Жалпы команданы немесе арнайы символды тудыру үшін немесе компьютерге арнайы міндетті жүктеу үшін оларды алдын ала программалауға болады.

Пайдаланушы ентаңбасы (жеке адамның ентаңбасы)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдаланушы ентаңбасы (жеке адамның ентаңбасы) (Метка пользователя (личная метка); user (private) label) — пішімі мен ақпаратын пайдаланушы анықтайтын және ерекше программамен өңделетін магниттік таспадағы мәліметтер жинағының стандартты емес ентаңбасы.

Пайдаланушы интерфейсі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдаланушы интерфейсі (Интерфейс пользователя (пользовательский интерфейс); user interface) — пайдаланушының жүйемен әрекеттестігін жасақтайтын программалық құралдар кешені; пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы. Мұндай стандарттар программа қызметтерімен операцияларын қолайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен орындалатын командалардың меню құрылымын тағайындайды. Пайдаланушыға арналған компьютермен (программамен) жылдам әрекеттесу тәсілдері, оның мынадай ерекшеліктерін атауға болады: жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), меню және мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану; объектілерді тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және объектілерді жылжыту үшін сілтеуіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде пайдалану.

Пайдаланушының (тұтынушының) нөмірі немесе ұқсастырғышы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдаланушының (тұтынушының) нөмірі немесе ұқсастырғышы (Номер или идентификатор пользователя; user number, user ID) — желіде жұмыс істеуші адамға алдын ала ұсынылып, желіге қосылған кезде оны ұқсастыруға (есепке алуға, өзгелерден бөлуге, тануға) пайдаланылатын нөмір немесе символдар тіркесі.

Пайдаланушының нышандар жинағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдаланушының нышандар жинағы (Набор признаков пользователя; user attribute data set) — пайдаланушылар туралы мағлұматтардан тұратын мәліметтер жинағы. Оған пайдаланушылар ұқсастырғыштары, олар қатынайтын томдар мен мәліметтер жинақтарының атаулары, парольдер, мәліметтер жинағы бар операцияларға шектеулер және басқа мәліметтер жатады.

Пайдаланушының ұқсастырғышы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдаланушының ұқсастырғышы (Идентификатор пользователя; user identifier, userid) — жүйеде пайдаланушы ұқсастыратын сан немесе бедербелгі-жолдық мәліметтер.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5