Реальгар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Реальгар[1] (арабша rahjal-ghar — кеніш шаңы) — сульфидтер класының минералы.
  • Химиялық формуласы AsS, As — 70,1%, S — 29,9%, изоморфты қоспалары кездеспейді.
  • Сингониясы — моноклиндік, кристалдары — қысқа, ұзын призма, ине тәрізді, агрегаттары — тұтас түйірлі масса, кейде қабықшалар, топырақ тәрізді болбыр масса.
  • Түсі — сарғылт қызыл, сызығы ашық сарғылт қызыл, жылтырлығы — майдайдан алмастайға дейін, қаттылығы —1,5—2, жіктілігі — жетілген, меншікті салмағы — 3,4—3,6. тығыздығы 3,56 — 3,59 г/см3.
  • Алмас, шайыр, май типтес жылтыр, жымдастығы жетілген, электр тогын өткізбейді.
  • Күн сәулесінің әсерінен ажырап аурипигментке (As2S3) айналады. Аурипигмент, антимонитпен бірге қорғасын, күміс, алтынның гидротермалдық кен орындарында, жанартау атындыларында, ыстық бұлақтың тұнбаларында кездеседі.
  • Реальгар — күшәла өндірілетін басты кентас.
  • Ірі кен орындары Қырғызстан (Хайдаркан), Грекия, АҚШ, Жапония, Ресей, Италия, Грузия, тағы басқа елдерде бар.
  • Төмен температуралы кендерде кездеседі; улы, күшән мен оның қосылыстарын алу үшін қолданылады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақша энциклопедия 7 том.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Реальгар

Реалгар кристалы
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы As4S4 or AsS
Crystal symmetry Моноклиндік
Ерекшеліктері
Үгітіндісі {010}; {101}, {100}, {120}, және {110}
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 1.5–2
Үлес салмағы 3.56
Реальгар