Сафи Өтебайұлы Өтебаев
Сафи Өтебайұлы Өтебаев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты |
Қазақ |
Қызметі |
даңқты мұнайшы |
Марапаттары мен сыйлықтары |
Сафи Өтебайұлы Өтебаев (25 мамыр 1909 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау - 12 сәуір 2007 жылы Алматы) – даңқты мұнайшы, КСРО Құрметті мұнайшысы, Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері. Атырау облысының және Ақтау қаласының, Жаңаөзеннің Құрметті азаматы. ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталған (1999 жылы).
Биография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1909 жылдың 25 мамырда Атырау облысы (бұрынғы Гурев облысы) Қарабау ауылында дүниеге келген. Руы Есентемір Әжімбет.[1]
- 1928 – 1930 жылдары Орынборда жұмысшы факультетінде оқыған.
- 1931 – 1935 жылдары Баку қаласында мұнай институтында оқыған.
- 2007 жылдың 12 сәуірнде Алматыда өмірден өтті.
Еңбек жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1936 – 1945 жылдары «Ембі мұнай» өндірісінде және оған қарасыты мекемелерде жауапты қызметтер атқарды;
- 1938 – 1959 жылдары Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған;
- 1945 - 1951 жылдары Жылыой ауданының партия комитетінің 1-хатшысы;
- 1951 – 1957 жылдары «Қазақстанмұнай» бірлестігінің басшысы;
- 1957 - 1965 жылдары әуелі Гурьев, кейін Батыс Қазақстан облыстық халық шаруашылық кеңесінің төрағасы;
- 1965 – 1971 жылдары «Қазақстанмұнай», кейін «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің басшысы;
- 1971 – 1980 жылдары Қазақ КСР-і Жоспарлау комитетінің ғылыми-техникалық информация институты бастығының орынбасары болды;
- 1980 жылы Құрметті демалысқа шықты.
Ғылыми еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маңғыстау байлығын игеру мәселелеріне арналған 30-дан астам ғылым мақалалары салалық-техникалық журналдарда, брошюраларда және және басқа да басылымдарда жарияланған. Өмір жолын Қазақстан мұнай өнеркәсібінің қаз тұру, даму кезеңдерін суреттейтін «Өмір мұраты» (1988) атты кітабы жарық көрді.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1942 жылы «Құрмет белгісі» Ордені;
- 1946 жылы «Отан соғысы» ІІ дәрежелі Ордені;
- 1966 жылы «Еңбек Қызыл Ту» Ордені;
- 1971 жылы «Октябр революциясы» Ордені;
- КСРОның Ең жоғарғы «Ленин» Ордені;
- КСРОның бірнеше мерекелік медалдар мен құрметті төсбелгілерімен марапатталған;
- «КСРОның Құрметті мұнайшысы» құрметті атағы;
- «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері» құрметті атағы;
- «Қазақстан мұнайына сіңірген еңбегі үшін» медалі;
- 1999 жылы ҚР Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталды.
- 2004 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат І дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапаттады.
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірнеше мәрте құрмет грамотасының иегері.
- «Қазақ мұнайына – 110 жыл» толуына орай «Қазақ Мұнай Газ» компаниясының басшылығы Сафи Өтебайұлының атындағы степендия жариялады.
- Атырау, Ақтау, Жаңаөзен және т.б көптеген аудандардың Құрметті азаматы атағы берілді.[2]
Өтебаев Сафи туралы Фильм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2009 — «Қазақ мұнайының атасы — Сафи Өтебаев» режиссері: Қ.Умаров.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://qamba.codeo.kz/site/book/online/nurlybek-safin-safi-otebaiuly/content/content_4.xhtml/ Мұрағатталған 30 желтоқсанның 2021 жылы.
- ↑ «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 25 мамырда туғандар
- 1909 жылы туғандар
- Қызылқоға ауданында туғандар
- 12 сәуірде қайтыс болғандар
- 2007 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- 1 дәрежелі Барыс орденінің иегерлері
- Отан орденінің иегерлері
- Ленин орденінің иегерлері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Қазақстан мұнайшылары
- КСРО мұнайшылары
- КСРО мұнай өндіру ісінің үздіктері
- Отан соғысы орденінің иегерлері
- Қазан төңкерісі орденінің иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері
- Еңбек ардагері медалінің иегерлері
- Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан мұнайына сіңірген еңбегі үшін медалінің иегерлері
- Атырау облысының құрметті азаматтары