Сақтандырғыш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Балқыма cақтандырғыштар

Сақтандырғышэлектр тізбектерін ток күшінің рұқсат етілген мөлшерден асып кетуінен қорғауға арналған тетік. Оның міндеті — электр тізбегіндегі ток күші өзіне рұқсат етілген шамадан тыс артып кетсе, электр тізбегін бірден ажыратып жіберу. Сақтандырғыш тізбекті ток көзінен арнайы жасалынған токөткерме бөліктерінің шамадан артық токтың жылулық әрекеті әсерінен балқып үзілуі арқылы ажыратады[1]. Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталулардан қорғайды.

Балқыма сақтандырғыш

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сақтандырғыштардың кең таралған түрі — балқыма cақтандырғыш. Ол электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған корпустан, металдан (көбінесе мыстан, мырыштан, қорғасыннан және олардың қорытпаларынан, күмістен) жасалған балқыма қыстырғыдан, түйіспелік және доғасөндіргіш құрылғыдан тұрады. Құрылысы бойынша айырғыш пен ажыратқыш аппараттар қызметтерін атқаратын сақтандырғыш-ажыратқыш аталатын коммутациялық аппараттар да қолданылады.

Балқыма cақтандырғыштар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

Ток күші Чек түсі Жоғарғы қуаттылығы (сеть 220 В)
6А Жасыл 1200 Ватт
10А Қызыл 2000 Ватт
16А Сұр 3200 Ватт
20А Көк 4000 Ватт
26А Сары 5200 Ватт

Сақтандырғыштың қолданылу аясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сақтандырғыштың құрылысы қарапайым, құны арзан, ол тізбекті қысқа тұйықталу кезінде жылдам ажыратады. Сонымен қатар, оның кейбір түрлерінің қысқа тұйықталу тогын шектеу қабілеті болады. Сондықтан, олар тұрмыстық, өнеркәсіптік электр қондырғыларында, электр тораптарында, электр станциялары мен қосалқы станцияларда кеңінен қолданылады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Smart circuit breaker Мұрағатталған 27 маусымның 2022 жылы. (ағыл.)
  2. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том