Сәтімжан Қамзеұлы Санбаев
Мына мақаланы не бөлімін Сәлімжан Хамзаұлы Санбаев дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Сәтімжан Қамзеұлы Санбаев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Қызметі |
Сәтімжан Қамзеұлы Санбаев (1939 жыл 16 қыркүйек Атырау облысы Мақат - 2 шілде 2013 жыл Алматы) — жазушы, киноактер. 1974 жылдан бастап КПСС мүшесі.[1]
Өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мұғалім семьясында туған.
Орынбор ауыл шаруашылығы иснтитутын (1961), КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген.
Гурьев облысында, Энгельс атындағы колхозда (1962-1966), «Қазақфильм» киностудиясында (1966-1968), жазушы баспассында (1968-1972), Қазақстан жазушылар одағында (1972-1975) жұмыс істеді.
1975 жылдан Павлодар трактор зауытында инженер-конструктор, Балқаш кен-металлургия комбинатында инженер «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің жауапты хатшысы,Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші,«Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті, Ш.Айманов атындағы ұлттық кинокомпаниясында бас редактор қызметтерін атқарған.
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шығармаларын орыс тілінде жазады.
- «И вечный бой» повесть Простор журналы, 1968 ж.
- Белая аруана. Повести. А.,»Жазушы», 1969.
- Дорога только одна. Роман. А.,»Жазушы», 1970
- Дорога только одна. Повести и роман. М.,»Молодая гвардия», 1974
- Аруана. Повестер мен роман. А., »Жазушы», 1975;
- Колодцы знойных долин. Повести и роман. М., «Известия», 1976;
- Времена года нашей жизни. Роман-трилогия. А.,»Жалын», 1981.
- Когда жаждут мифа. А., 1989;
- Белая аруана. А., 2005;
- Медный колос. Роман-дилогия. А., 2006.
Шығармалары қазақ тіліне, сондай-ақ КСРО халықтарының көптеген тілдеріне, шетел тілдеріне аударылған.
- «Флакон одеколона» атты драмасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында қойылып жүр.
Абайдың қарасөздері, М.Әуезовтың, С.Бегалиннің, Ә.Сәрсенбаевтың, Қ.Ысқақтың т.б. қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған.
Ойнаған рөлдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шығармашылығымен бірге кино саласында да еңбек етіп келеді.
- «Мың шақырымдық жол» (1968)
- «Ғажайып күн» (1972)
- «Ұшы-қиырсыз жол»
- «Той боларда»
- «Шоқан Уәлиханов (фильм)»
- «Батыр баян» көркем фильмдерінде басты рольдерде ойнаған.
- «Қыз Жібек»
- «Ыстықкөл қызғалдақтары» кино фильмдерді қазақшалаған.
- «Там, где торы белые»
- «Дом у соленого озера» кинофильмдерінің авторы.
Еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Ақ бас таулар» атты көркем фильмінің сценарийін жазды. Санбаевтың бірқатар туындылары ағылшын, француз, неміс т.б тілдерінде жарық көрді.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]КСРО Жазушылар одағы, ВЦСПС-тің жүмысшылар тақырыбына арналған шығармалар конкурсының лауреаты (1981).
«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ушел из жизни видный казахский писатель, публицист, кинодраматург и общественный деятель Сатимжан Санбаев Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.
- ↑ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5
- Біріктіруі ұсынылған мақалалар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 16 қыркүйекте туғандар
- 1939 жылы туғандар
- Мақатта туғандар
- 2 шілдеде қайтыс болғандар
- 2013 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
- Қазақстан жазушылары
- Қазақстан аудармашылары
- Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері
- Құрмет орденінің иегерлері