Тау кен апаттарынан құтқару ісі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тау кен апаттарынан құтқару ісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Міндеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тау кен апаттарынан құтқару ісі - шахталар мен рудниктердегі апаттарды жою және оларды болдырмау, апатқа ұшыраған адамдарға көмек беру қызметі. Қауіпті апаттарға рудник газының (метан), тас көмірдің немесе колчедан шаңының қопарылысы, жер асты өрті, рудник газы мен көмірдің кенеттен атылуы, тау-кен соққысы, тау-кен қазбаларына жер асты сулары мен қорыстың енуі т. б. жатады. Уланудан сақтандыру үшін шахтерлер противогазбен, респиратормен жабдықталады. Апат болған кезде шахтерлерді құтқару үшін арнайы қызмет- тау кен апаттарынан құтқару қызметі ұйымдастырылады.

Білікті мамандар және қолданылатын құралдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тау кен апаттарынан құтқару ісінің кезеңінде біздің елде тау-кен инжинерлері Д. Г. Левицкийдің және Н. И. Черницынның, академиктер А. А. Скочинский мен А. М. Терпигоревтің еңбектері маңызды рөл атқарды. Тау-кен апаттарынан құтқаратын алғашқы станциялар Ресейде 1907 ж. Донбасста ұйымдастырылды. Тау кен апаттарынан құтқару ісі туралы ереже 1930 ж. қабылданды. 1932 ж. құтқару станциялары біріктіріліп, 1934 ж. олар тау-кен апаттарынан құтқаратын әскери бөлімшелер болып ұйымдастырылды. Тау кен апаттарынан құтқару ісінде әр түрлі жабдықтар –жеке құтқарушының жабдығы жоғары температурада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін изоляциялауыш респираторлар, противогаздар, әр түрлі механизмдер, (насос, газоанализатор, көбік шашқыш, желдеткіш т. б.) мен транспорт ( автомобиль, вертолет, самолет) пайдаланылады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 591-бет