Төлеужан Исмаилов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Төлеужан Исмаилов(1932-1972) - Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданындағы Аққора ауылында дүниеге келген. Сондағы орта мектепті, 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Қазақтың көркем әдебиет баспасында, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші, «Қызыл ту» (Кереку), «Ленин туы» (Қызылжар) облыстық газеттерінің редакцияларында әрқилы қызметтер атқарған. Біраз уақыт «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде де еңбек етті. Өмірінің соңғы жылдарында туған ауылында ауыр дертпен арпалысты. 1951 — 1961 жылдары аралығында «Есіл», «Дала министрі», « Жылқышы » «Үгітші», "Қойлар" поэмаларын, қырықтан астам өлең, отыздай астам сатира жазған.А.С.Пушкиннің «Батыс славяндар жырларын», М.Ю.Лермонтовтың «Мцыри» поэмасын, В.В.Маяковскийдің бірнеше өлеңдерің Т.Драйзердің «Америка трагедиясын» аударған.[1]

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Әлдекімге бір шапалақ. Өлеңдер мен сатиралар. А., ҚЦКӘБ, 1958;
  • Есіл. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1959;
  • Сырымды аттам. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1984.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл