Шошқа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шошқа

Шошқа, доңыз – жұптұяқтылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Адамның ең алғаш қолға үйреткен үй жануарларының бірі. Шошқаның шығу тегі Еуропа және Шығыс Азия жабайы қабандары болып саналады. Оның бітімі ірі, жұмыр, аяқтары қысқа, денесін ақ, қара, қоңыр, қызғылт, т.б. түстегі қатқыл әрі сирек түк басқан. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Тістері өсімдік және басқа да азықтың түрлерін жеуге бейімделген. Қарны бір бөліктен тұрады, ішегінің ұзындығы денесінен 20 есе артық, көру қабілеті нашар, есту және иіс сезу мүшелері жақсы жетілген. Қорек талғамайды, суды таңдап ішіп, шомылғанды ұнатады. Ұрғашысы 9 – 10 айда еркегімен жұптастырылып, жылына 2 – 3 рет 8 – 12-ден торайлайды. Ұрғашысының салмағы 130 – 150 кг, еркегі 180 – 200 кг-ға жетеді. Өсіп-жетілу ерекшеліктеріне байланысты Шошқалар 4 топқа бөлінеді: кеш жетілетіндер (Еуропаның ұзын және қысқа құлақты Шошқалары), өте тез жетілетіндер (сиам және ескі неополитан Шошқасынан тараған майда салмақты Шошқалар), тез жетілетіндер (ТМД елдерінде кең тараған Шошқа тұқымдары) және орташа қарқында жетілетіндер.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том