Эвертон (футбол клубы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Англия Эвертон
Толық атауы

Everton Football Club

Лақап аттары

Баттерскот (ағылш. Ифс)
Блюздер (ағылш. Блюздер)
Скузерлер (ағылш. Scousers)

Құрылған жылы

1878

Стадионы

"Гудисон Парк"

Сыйымдылығы

39 414

Иесі

ИранҰлыбритания Фархад Мошири (94,1%)
Ұлыбритания Билл Кенрайт (1,3%)
Басқа акционерлер (4,6%)

Бас жаттықтырушы

Англия Шон Дайч

Капитаны

Ирландия Шеймус Коулман

Демеушісі

Stake.com

Сайты

evertonfc.com

Жарыс

Премьер-лига

2023/24

15-ші

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік
2022/23

«Эвертон» (толық атауы — Эвертон футбол клубы, ағылш. Everton Football Club) — 1878 жылы құрылған Англияның Ливерпуль қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Гудисон Парк" стадионында өткізеді.

Клуб 1878 жылы құрылды. 1888 жылы құрылған Англия премьер-лигасының негізін қалаушы клубтардың бірі. Алғашқы атауы — «Сент-Доминго» (ағыл. St. Domingo’s Football Club). 1879 жылы қазіргі атауына ие болды.

1890-91 жылғы маусымда бірінші рет Англия чемпионы атанды. Осы маусымда "Дерби Каунтиді" 11:2 есебімен ұтты. Бұл ресми матчтардағы ең ірі жеңісі еді.

1954 жылдан бері Англияның жоғары дивизионында үзіліссіз ойнап келеді.

1985 жылы финалда Аустрияның "Рапид" клубын ұтып, Кубок иелері кубогын жеңіп алды. Бұл клубтың еуротурнирлердегі жалғыз жетістігі. Келесі жылы "Эвертон" чемпиондар кубогына қатысуға мүмкіндік алды, бірақ "Эйзель трагедиясы" кедергі болды, сол маусымда ағылшын клубтары түгелдей еуротурнирлерде дисквалификацияға ұшырады.

1995 жылы Англия кубогын жеңіп алғалы ешқандай жүлде ала алмай келеді.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бірінші дивизион

  • Чемпион (9): 1890/91, 1914/15, 1927/28, 1931/32, 1938/39, 1962/63, 1969/70, 1984/85, 1986/87
  • Вице-чемпион (7): 1889/90, 1894/95, 1901/02, 1904/05, 1908/09, 1911/12, 1985/86

Екінші дивизион

  • Чемпион: 1930/31
  • Вице-чемпион: 1953/54

Англия кубогы

  • Жеңімпаз (5): 1906, 1933, 1966, 1984, 1995
  • Финалист (8): 1893, 1897, 1907, 1968, 1985, 1986, 1989, 2009

Лига кубогы

  • Финалист (2): 1977, 1984

Англия суперкубогы

  • Жеңімпаз (9): 1928, 1932, 1963, 1970, 1984, 1985, 1986, 1987, 1995
  • Финалист (2): 1933, 1966

Халықаралық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кубок иелері кубогы

  • Жеңімпаз: 1985

2018/2019

Қақпашылар Туғн күні Азаматтығы
1 Джордан Пикфорд 07.03.1994 Англия
22 Мартен Стекеленбург 22.09.1982 Голландия
41 Матеуш Хевельт 23.09.1996 Польша
Қорғаушылар Туған күні Азаматтығы
2 Мейсон Холгейт 22.10.1996 Англия
3 Лейтон Бейнс 11.12.1984 Англия
4 Майкл Кин 11.01.1993 Англия
5 Курт Зума 27.10.1994 Франция
6 Фил Ягелка 17.08.1982 Англия
12 Люка Динь 20.07.1993 Франция
13 Йерри Мина 23.09.1994 Колумбия
23 Шеймус Коулмен 11.10.1988 Ирландия
32 Брендан Гэллоуэй 17.03.1996 Англия
38 Мэтью Пеннингтон 06.10.1994 Англия
43 Джонджи Кенни 15.03.1997 Англия
Жартылай қорғаушылар Туған күні Азаматтығы
8 Андре Гомеш 30.07.1993 Португалия
10 Гильфи Сигурдссон 09.09.1989 Исландия
16 Джеймс Маккарти 12.11.1990 Ирландия
17 Идрисса Гуэй 26.09.1989 Сенегал
18 Морган Шнедерлен 08.11.1989 Франция
20 Бернард 08.09.1992 Бразилия
26 Том Дэйвис 30.06.1998 Англия
28 Киран Доуэлл 10.10.1997 Англия
31 Адемола Лукман 20.10.1997 Англия
34 Бени Банинджими 09.09.1998 Конго
Шабуылшылар Туған күні Азаматтығы
11 Тео Уолкотт 16.03.1989 Англия
14 Дженк Тосун 07.06.1991 Түркия
19 Байе Умар Ньясс 18.04.1990 Сенегал
29 Доминик Калверт-Левин 16.03.1997 Англия
30 Ришарлисон 10.05.1997 Бразилия

Ең көп гол соққан футболшылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дикси Дин 383
Грэм Шарп 159
Боб Летчфорд 138
Алекс «Сэнди» Янг 125
Джо Ройл 119
Рой Вернон 111
Дейв Хиксон 111
Эдгар Чедуик 109
Тони Котти 99
Альф Милуорд 97
Джимми Сеттл 97
Кевин Шиди 97
Эдриан Хит 94
  • Ball, D. & Buckland, G. Everton — The Ultimate Book of Stats & Facts.. — The Bluecoat Press, 2001. — ISBN 1-872568-79-3.
  • Corbett, James. Everton: School of Science. — Pan, 2004. — ISBN 0-330-42006-2.
  • Tallentire, Becky. The Little Book of Everton. — Carlton Books Ltd, 2004. — ISBN 1-84442-652-1.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]