Элементтердің геохимиялық жіктелуі
Элементтердің геохимикалық жіктелуін Виктор Мориц Гольдшмидт ұсынған.
Норвегияның атақты ғалымы, геохимияның негізін салушы В. М. Гольдшмидт барлық элементтерді, геосфераға таралуына қарай, төртке беледі:
- атмофилдер (атмосфералық элементтер),
- литофилдер (литосфералық элементтер),
- халькофилдер (күкіртпен қосылатын, руда қабатын құраушы элементтер),
- сидерофилдер (жердің ядросына жиналатын элементтер).
В. М. Гольдшмидт элементтерді осылай бөлгенде атомдардың көлемі мен олардыд сыртқы электрон қабықтарының құрылысын да негізге алған. Атмофилдерге жататындар: газдар, оның ішінде инертті газдар, сутегі, азот, бұлардың көпшілігінде атом сыртындағы қабығы 8 электроннан тұрады. Литофилдерге жататын элементтер: литий, натрий, калий, магний, кальций, алюминий, кремний, оттегі т. б. Бұлардың иондары 8 электрондық қабықты болады. Халькофилдерге жататын элементтер: мыс, мырыш, қорғасын, сынап, күміс, алтын, мышьяк, қалайы, күкірт т. б. Бұлардың иондары 18 электрондық қабықты болады. Сидорофилдерге жататындар: темір, кобальт, никель, платина тобы, көміртегі т. б. Бұлардың иондарының сыртында қосымша құрылысты электрон қабықтары бар.[1]
1 | 18 | ||||||||||||||||||||||||
1 | 1 H |
2 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 2 He | |||||||||||||||||
2 | 3 Li |
4 Be |
5 B |
6 C |
7 N |
8 O |
9 F |
10 Ne | |||||||||||||||||
3 | 11 Na |
12 Mg |
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 Al |
14 Si |
15 P |
16 S |
17 Cl |
18 Ar | |||||||
4 | 19 K |
20 Ca |
21 Sc |
22 Ti |
23 V |
24 Cr |
25 Mn |
26 Fe |
27 Co |
28 Ni |
29 Cu |
30 Zn |
31 Ga |
32 Ge |
33 As |
34 Se |
35 Br |
36 Kr | |||||||
5 | 37 Rb |
38 Sr |
39 Y |
40 Zr |
41 Nb |
42 Mo |
(43) Tc |
44 Ru |
45 Rh |
46 Pd |
47 Ag |
48 Cd |
49 In |
50 Sn |
51 Sb |
52 Te |
53 I |
54 Xe | |||||||
6 | 55 Cs |
56 Ba |
57-71 Lan |
72 Hf |
73 Ta |
74 W |
75 Re |
76 Os |
77 Ir |
78 Pt |
79 Au |
80 Hg |
81 Tl |
82 Pb |
83 Bi |
84 Po |
85 At |
86 Rn | |||||||
7 | 87 Fr |
88 Ra |
89-103 Act |
(104) Rf |
(105) Db |
(106) Sg |
(107) Bh |
(108) Hs |
(109) Mt |
(110) Ds |
(111) Rg |
(112) Cn |
(113) Nh |
(114) Fl |
(115) Uup |
(116) Lv |
(117) Uus |
(118) Uuo |
|||||||
Лантаноидтар | 57 La |
58 Ce |
59 Pr |
60 Nd |
(61) Pm |
62 Sm |
63 Eu |
64 Gd |
65 Tb |
66 Dy |
67 Ho |
68 Er |
69 Tm |
70 Yb |
71 Lu | ||||||||||
Актиноидтар | 89 Ac |
90 Th |
91 Pa |
92 U |
(93) Np |
(94) Pu |
(95) Am |
(96) Cm |
(97) Bk |
(98) Cf |
(99) Es |
(100) Fm |
(101) Md |
(102) No |
(103) Lr |
Атмофиль элементтер | Халькофиль элементтер | Литофиль элементтер | Сидерофиль элементтер | Табиғатты сирек кездесетін немесе жоқ элементтер |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Кристаллография, минералогия, петрография. 1990.
- ↑ 7.2 BEHAVIOR OF THE ELEMENTS, Goldschmidt’s Classification