Қазына аралы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қазына аралы
Қазына аралы

1911 жылғы баспаның мұқабасы, Ньюэлл Конверс Уайеттің суреті

Авторы Р. Л. Стивенсон
Жанры шытырман, роман
Түпнұсқасы
Тілі қазақша
Атауы Treasure Island
Жарияланған уақыты 1883
Қазақша басылым
Аудармашы Қ. Дәуітов
Баспасы «Аударма», Астана
Беттер саны 256
ISBN 9965-18-349-X[1]

Қазына аралы (ағылш. Treasure Island) — шолтандиялық жазушы Роберт Льюис Стивенсонның романы. Бұл туындыда теңіз қарақшысы Флинттің елсіз аралда жасырған қазынасын іздеу жолындағы шытырман оқиғалар туралы айтылады. Алғаш рет 1983 жылы басылып шықты, кейіннен 2011 жылы қазақ оқырмандарына Астана қаласы «Аударма» баспасында басылып шыққан. Орыс тілінен аударған Қ. Дәуітов.

Роман 6 бөлімге бөлінген 34 тараудан тұрады, беттер саны — 256.[2] Оқиғаны трактирлердің баласы, басты кейіпкер Джим Хокинс әңгімелеп отыр (16—18 тарауларды ескермегенде, бұл жерде әңгімелеуші дәрігер Ливси).

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі — 9965-18-349-X.[1]

Қысқаша мазмұны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Роман таңғажайып оқиғаларға толы. Автор қазына іздеушілердің қатерлі сапары жайлы аса әсерлі баяндаған. Әлеуметтік тапсырыстың ауанында толайым жұтылып кетпей, мәселенің екінші жағын, алтын мен қазынаға қызыққан адамдардың рухани жағынан азғындап, дүние мен малдың құлына айналып кетер қатерлі дертін де романда шынайы, жазушыға тән гуманизммен суреттеген.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b ISBN, ISMN, ISSN Агенттіктері
  2. «bookchamber.kz» сайтындағы кітаптар базасы Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2015 жылы.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]