Қосай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қосай – Адай елінің ірі ұлысы. Адай геноцидінен кейін бұл ұлыс та күрт азайған. ҚосайданӘйтей, Бегей, Байбол, Тіней, Бәли, Сүйіндік (Жаман Адай). Олар өскен ауыл Адай шежіресінде Алты Қосай болып аталады. Аналары түрікмен қызы болғандықтан олар ел арасында «Түрікмен Адай» деп аталып кетеді. Әйтей мен Бегей өспеген, әкесінің қарғысына ұшырап, аз болған. Сондықтан бұлар Байболмен еншілес болып қалады. Қосайлар туралы ноғай, қазақ, қарақалпақ елдерінде сан түрлі аңыздар сақталған. Ноғай халқында ежелден сақталған Қосай жыры бар. Түркі халықтарының ішінде Қосайды қайтпайтын мінезі мен қасарысса қан қалатын қағидасы үшін сұр қасқырға теңейді. Қосайдың ұраны - Телеген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Маңғыстау энциклопедиясы, 4том