Қызылтұмсық сүңгуір

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қызылтұмсық сүңгуір
Male
Male
Female
Female
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Қазтәрізділер
Тұқымдасы: Үйрек
Кіші тұқымдасы: Сүңгуір үйректер
Тегі: Netta
Kaup, 1829
Түрі: N. rufina
Екі-есімді атауы
Netta rufina
(Pallas, 1773)
Netta rufina

Қызылтұмсық сүңгуір (Netta rufina) - басы едәуір үлкен, мойнының ұзындығы орташа, едәуір ірі денелі (1-1,5 кг) үйрек.

Биологиялық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күйттік жасану кезінде аталықтың басы - ашық қызғылтсары (сол үшін «краснобаш» деп те аталады), тұмсығы және табаны - қызыл, төсі мен бауыры - қара болып көрінеді. Аналығының бауыры - ашық сұр және екі жағы ашық түсті болып келеді.Ұяларды тіршілігін жойған ескі қамысты алаңшаға, ақпа заттарға, сирек те болса жағадағы қамыстар аралына салады. Жеке жұп түзіп те, шағын топ құрып та ұялайды. Салындыдағы 6-10 жұмыртқаларды аналығы 4 аптаға жуық басады, соңынан балапандарға қамқорлық жасап, ұялас балапандарды жұмыртқадан шығару кезінде түлейді. Аталықтар ұяға жұмыртқалар салынысымен топқа бірігіп, өзен иірімінің ашық жерінде түлейді. Тек өсімдіктермен ғана қоректенетін құс. Ұялау орындарына өзен үйректерінен кешірек - наурызда пайда бола бастайды, қарашада ұшып кетеді. Денесі ірі, еті жақсы дәмді болғандықтан, ең сүйікті аулау нысаны болып есептеледі.

Кездейсоқ таралған жерлері: Еуропада - Жерортатеңізде, бұдан соң Қара теңізден Орталық Азияға дейін дала және шөл зоналарында біраз шоғырланған. Қазақстанда қамыс және қоға қалың өскен суқоймалардың оңтүстік жартысында ұялайды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Netta rufina. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
  2. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.