Әсет Арманұлы Ерғалиев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әсет Арманұлы Ерғалиев
Әсет Арманұлы Ерғалиев
Ерғалиев, 2024 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі
Ту
Ту
2 қыркүйек 2023 жылдан бастап
Ізашары Тимур Сүлейменов
Ту
Ту
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Ту
Ту
қаңтар 2022 — қыркүйек 2023
Ту
Ту
Ұлттық экономика министрі
Ту
Ту
қаңтар 2021 — қаңтар 2022
Ізашары Қайрат Келімбетов
Ізбасары Жандос Шаймарданов
Ту
Ту
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі
Ту
Ту
тамыз 2019 — қаңтар 2021
Ізашары Руслан Дәленов
Ізбасары Әлібек Қуантыров
Өмірбаяны
Білімі ҚМЭБИ (2008);
Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебі (2008)
Йорк университеті (2009)
Ноттингем университеті (2010)
Мамандығы экономист
Дүниеге келуі 18 маусым 1986 (1986-06-18) (38 жас)
Қостанай, Қостанай облысы, Қазақ КСР, КСРО
Марапаттары
Әсет Арманұлы Ерғалиев Ортаққорда

Әсет Арманұлы Ерғалиев (18 маусым 1986 жыл, Қостанай облысы, Қостанай) — қазақстандық саясаткер, 2023 жылдан бері Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі,[1] бұрынғы Ұлттық экономика министрі (2019–2021).

1986 жылғы 18 маусымда Қостанай қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.[2]

Негізгі мамандығы — экономист. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.[3] 2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік саясат экономикасы саласында бакалавр дәрежесімен, сондай-ақ халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен бітірген. 2009 жылы Ұлыбританиядағы Йорк университетін экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған. 2010 жылы Ұлыбританиядағы Ноттингем университетін бітіріп, экономикадағы философия магистрі дәрежесі берілді.[4] «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталған.[5]

Қызмет жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қаңтарға дейін — Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Еуропа қайта құру және даму банкі Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы.
  • 2013 жылғы қаңтардан 2016 жылғы маусымға дейін — Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Вице-президенті, Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма Төрағасы.
  • 2016 жылғы қазан–желтоқсан аралығында — «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
  • 2016 жылғы желтоқсаннан 2017 жылғы тамызға дейін — Премьер-Министрдің кеңесшісі.
  • 2017 жылғы тамыздан 2018 жылғы қыркүйекке дейін — Премьер-Министр Кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі.
  • 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін — ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.
  • 2019 жылғы наурыз–тамыз аралығында — Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
  • 2019 жылғы тамыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін — Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
  • 2021 жылғы қаңтардан 2022 қаңтарға дейін Ұлттық экономика министрі.
  • 2022 жылғы 6 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.[6][1]
  • 2023 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]