Кәдімгі қалқантұмсық жылан
Кәдімгі қалқантұмсық жылан (лат. Gloydius halys) – қабыршақтылар отряды шұңқырбасты жыландар тұқымдасына жататын жылан, өте улы сылдырмақты жыландардың өкілі. Қазақстанның оңтүстігінде жазық жерде, таулы (теңіз деңгейінен биіктігі 3000 м-ге дейін) аймақтарда мекендейді. Бұл тау орманында, көбінесе жусанды, бидайық өскен алқапта, ши арасында, тоғайда және бұталы өсімдіктер өсетін жерлерде, жартастардың арасында, шабындықтарда мекендейді.
Кәдімгі қалқантұмсық жылан | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Gloydius halys
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Gloydius halys (Паллас, 1776) |
Сарғыш сұр түсті денесінде көлденең күңгірт жолақтар, не алқызыл теңбілдер болады. Бірақ мекендеген жеріне сай оның түсі де құбылмалы келеді: күңгей əрі құрғақ тастақты жерде қаралтым, ал теріскей шөбі шүйген жерде сұрғылтым өңді болады. Дене тұрқы 50 – 60 см, ең ірілері 75 – 80 см, басы жұмыртқа тәрізді және мойнынан айқын ажырап тұрады; жотасы сары не сұр, көмкерілген қара дақтары болады, тұмсығында күңгірт төрт бұрышты дағы бар. Желкесінде аттың тағасы тәрізді қара дағы бар. Дала сұржыланынан негізгі айырмашылығы – танау тесігі мен көзі арасында шұңқыры болады. Қазан – қараша айында ұйқыға кетіп, наурыз – мамырда оянады. Жыныстық жағынан 3 жылда жетіледі. Аналығы шілде айында ұзындығы 16 – 19 см-дей 3 – 12 (көбінесе 6 – 8) баласын жұмыртқалай тірі туады. Бір маусымда 3 рет түлейді. Негізгі қорегі – ұсақ кемірушілер, кесірткелер, ұсақ құстар, жәндіктер. Жемін кешқұрым, түнде, оңтүстік аудандарда күндіз де аулайды.
Қалқантұмсық жылан – өте улы, оның уы адамға, малға (әсіресе жылқыға) қауіпті. Уы дәрі жасау үшін медицинада пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Gloydius halys |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |