Джованни Баттиста Риччоли

Джованни Баттиста Ричоли (итал. Giovanni Battista Riccioli)  - итальяндық астроном және теолог, «Жаңа Альмагест» (Almagestum Novum)- кезіндегі астрономиялық білімдер жинағы. Франческо Гримальдимен біріге отырып Ай картасын жасады және ай кратерлерін ғалымдардың есімдерін беруді енгізді.

Биография

өңдеу

1614 жылы Риччоли иезуит ордендерінің қатарына кіріп, риторика, философия және теологияны Парма мен Болоньяда зерттеді. Осы уақытта Риччоли астрономиямен айналыса бастады және 1651 жылы ауқымды «Жаңа Альмагест» атты еңбегін шығарды. Бұл еңбегінде астроном жұлдыздар каталогын құрды, Күндегі дақтарға және қосарлы жұлдыздардың қозғалысына сипат берді, Жер шарының радиусын анықтап, су мен құрлықтың қатынасын тапты. Гримальдимен біріге отырып Риччоли Айдың зерттеуіне қатысты, алғаш Ай карталарын сызды, Ай кратерлері мен теңіздерінің ол берген атаулары қазіргі күнге деін қолданылуда.

Болоньядағы Азинелли мұнарасы – Риччоли эксперименттерінің орны болған.

Белгілі астроном Клавдий Птолемейдің «Альмагест» атты классикалық еңбегінің құрметіне «Жаңа Альмагест» деп аталған трактатында ол Галилео еңбектерін талқылап, кейбірін эксперименттер жасау арқылы тексерген. Жасаған трактаты арқылы астроном маятниктің уақытты өлшеуге қолдану әдісін ойлап тапты, оған қоса Риччоли тек кіші тербелістердің тұрақты көлемдік үдеріске жататынын дәлелдеді. Осы құрылғыны қолдана отырып, Риччоли әр түрлі биіктіктен құлап бара жатқан денелермен тәжірибе өткізді. Тәжірибелерді өткізу орны Болоньяда орналасқан Азинелли мұнарасы болды. Нәтижесінде, Риччоли дене жылдамдығының уақытқа тікелей тәуелді екеніне көз жеткізді, өйткені ол бұрын бұл тәуелділікті экспоненциалды деп санаған. Ғалым өзі еркін құлау үдеуін есептемесе де, оның күнделіктерінен шындыққа жақын формуланы байқауға болады. Айтылған жұмыстарына қоса, Риччоли өзінің еңбегінде ауаның қарсыласуын зерттеу үшін эксперименттер жүргізген.

Риччоли астрономиядан басқа, географияға да үлкен үлесін қосты, ол Жер шарының көптеген аймақтары үшін еңдік пен бойлық кестелерін жасады.

Естелік

өңдеу

1935 жылы Халықаралық Астрономиялық одақ Риччолидің есімімен Айдың Жерге қараған бетіндегі кратерге берді.