Дыбыс жазу - сақтау және керек уакытында қайта жаңғырту мақсатымен дыбыс толқынын тасымалдаушы материалға түсіру. Дыбыс жазу үшін микрофон, электр тербелістерін күшейткіш, дыбыс жазылатын материалға әрекет етуші құрылғы, дыбыс жазылатын материал қолданылады. Дыбыс жазудың механикалық, магниттік, фотосуреттік (оптикалық) түрлері және монофониялық , стерефониялық және квадрафониялық әдістері бар. Магнитофон арқылы стереожазуды орындау үшін әрбір дыбыс көзінің маңына жеке микрофондар орнатып, олар арқьшы дыбысты екі жолға синхронды түрде жазады. Қайта жаңғыртқанда да синхронды түрде жаңғыртады. Квадрофониялық жазуда дыбыс төрт жолға жазылады. [1]

Микрофон

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6